жасөспірім

Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткен сұмдықты айтып берді

11238
(Жаңартылды 19:22 01.08.2018)
Оңтүстіктегі Абай ауылы тағы да жаманатты болды. Бұл жолы 16 жастағы жасөспірімнің зорланғаны әшкереленді

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Түркістан облысының Абай ауылында тұратын жиырма екі жастағы жігіт Sputnik Қазақстан тілшісіне екі ер адамның үш жыл бойы өзін қалай зорлағанын айтып берді. 

Ауыл тұрғыны алты жыл бұрын болған сұмдықты ашынғаннан БАҚ-қа баяндап беруге шешім қабылдапты. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарына бірнеше жыл бойы жазылған арыздар нәтиже бермеген, ал жас жігіттің арын таптағандар әлі күнге бостандықта жүр.

Sputnik Қазақстан тілшісімен кездесуге Е. үлкен қара пакетпен келді. Оған жергілікті, облыстық және республикалық құқық қорғау органдарына жіберілген арыздардың көшірмелерін, медициналық сараптама нәтижелері мен "айғақ жеткіліксіз" деген көңіл көншітпейтін жауаптардың бірін қалдырмай салып алған екен.

 Абай ауылында алты жыл бұрын болған зорлық  

Ол кезде 16 жаста болған мектеп оқушысының өміріндегі сұмдық 2012 жылы наурыз айының соңында басталған. Кешкі уақыттардың бірінде Е.-нің үйіне ата-анасының достарының қызы А. келеді.

Жасөспірім қызбен бала күнінен жақсы таныс болған. Ол жігіттің ата-анасынан рұқсат сұрап, оны ауылда таяуда ашылған дәмханаға шақырған. Біраз уақыттан кейін оларға полицей формасын киген белгісіз жігіт қосылады. А. ер адаммен жылы амандасып, өздерінің үстеліне шақырады. Белгісіз адам 1988 жылы туған С. болып шыққан. Ер адам алкогольге тапсырыс береді, содан кейін А. жасөспірімді сыртқа шақырып, ішімдікті қысылмай, қалағанынша ішуге болатынын айтады. Қыз оған үйіне дейін жеткізіп салып, ата-анасына барлығын түсіндіруге уәде берген. 

"Далада суық шөпте жатқан жерімнен ояндым, үстімде киім болған жоқ, менен қан кетіп жатты. Жақын жерде тұрған көлікте С. телефонына қарап, мәз болып отыр екен. Мен дел-сал күйде едім, не болып жатқанын түсінбедім. Таңғы бесте ол мені үйіме әкеліп, "Менен қоңырау күт" деді. Үйде белден төмен тұсым қатты ауырып жатқанын сездім, қан тоқтаған жоқ, ағып жатты. Қорыққаннан душқа жүгіріп барып, киімдерімді лақтырып тастадым", – деп алты жыл бұрынғы оқиғаны есіне алған Е.-нің көзіне жас тығылды.

Осыдан кейін жігіт не болғанын білу үшін отбасының досымен хабарласқан, алайда ұялғаннан оған болған оқиға жайлы айтпауды ұйғарып, әңгімені дереу тоқтатқан. Бір-екі күннен кейін жасөспірімге С. қоңырау шалып, өз көлігінде кездесу белгілейді. 

"Әңгіме барысында ол "саған не істегенімді білесің бе?" деп сұрады. Мен жоқ деп жауап бердім. Ол мені зорлап, оны видеоға түсіріп алғанын айтты. Кейін бұл видео интернетке жарияланып, ол жайлы отбасың білмесін десең, менің айтқанымды істейсің деп қорқытты. Ақырында: "Қоңырау күт" деді де, кетіп қалды", – деп жалғастырды Е.

Шығыс Қазақстанда сегізінші сынып оқушысы кішкентай баланы зорлаған

Видеоны таратпау үшін ақша және алтын бопсалаған 

Тағы біраз уақыттан кейін С. біздің кейіпкерге қоңырау шалып, ақша бопсалаған. Бұл кезде Е. он бірінші сыныпты бітіріп, Алматы колледжіне оқуға түскен.    

"Ол видеоны YouTube-ке жүктеймін деп қорқытып, үнемі ақша бопсалап жүрді. Оған ақша беру үшін оқумен қатар жұмысқа орналастым. Ақшадан бөлек, алтын сатып әкелуді талап етті. Тағы біраз уақыттан кейін бопсалауға барлығынан хабардар оның әйелі қосылды. Ол да менен алтын талап етті", – деп еске алды Е.басынан өткен оқиғаны.

Ол ақша бопсалағанымен қоймай, жас жігітті зорлауын жалғастырған. Көбінесе оны өз көлігінде мас күйінде жасаған. Бір күні С. зорлық-зомбылықты тоқтатуды өтінген жігітті соққыға жығып, күрек тістерін сындырады. Осы жағдайға ортақ таныстары А.-ның да қатысы бар екенін жігіт кездейсоқ біліп қалады, олардың әңгімесінен қыздың С.-ға: "Оны аяма" дегенін өз құлағымен естиді. 

Уақыт өте келе, Е.-нің отбасында той болады – ағасы үйленеді. Бопсалаушы мұны естіп, көлік сатып алуға жарты миллион теңге талап еткен. С. егер осы ақшаны тауып берсең, видео жүктелген флешкартаны беріп, бұдан былай мазаламаймын деп уәде береді 

"Бір жағынан қуандым, екінші жағыннан осыншама ақшаны қайдан алатынымды білмедім. Ақыр соңында ағамның тойына түскен ақшаны алуға шешім қабылдадым. Қажетті соманы алып, мәмілемізді аяқтау үшін С.-ға қоңырау шалдым. Ол ақшаны алып, кешке видео жүктелген флешканы әкеліп беремін деді. Алайда кешке қоңырау шалған жоқ, телефоны өшірулі болды. Бірнеше күннен кейін Алматыдағы оқуыма оралып, бәрі артта қалды деп үміттендім, алайда біраз уақыттан кейін С.бопсалауды қайта бастады", – деп күрсінді Е.

Қомақты ақша жоғалғаннан кейін зардап шегушінің ата-анасы не болып жүргенін сұрайды, алайда жігіт бірнеше айға созылған сұмдықты айтпауға шешім қабылдаған. Қарызын құтылу үшін жас жігіт көрші ауылда жұмысқа орналасады.    

Екінші зорлықшы

Тағы бірнеше айдан кейін жігіттің телефонына белгісіз нөмірден кездесейік деген хабарлама келе бастайды. Кештердің бірінде оны белгісіз ер адам күтіп алып, күштеп көлікке отырғызып, елсіз жерге алып келеді.     

"Көлікте ол маған: "Сен "көгілдір" екенсің ғой". Сен жайлы С.айтып берді, мен видеоны көрдім. Енді сен маған жұмыс істейсің" деді. Содан кейін ол да зорлады", – деп жалғастырды Е.көзінің жасын тыя алмай.  

Белгісіз адам 1979 жылы туған ауылдасы О.болып шықты. Келесі күні ол қоңырау шалып, 120 мың теңге талап еткен. Ақшаны беру кезінде Е.-ні 14 жас үлкен ер адам тағы да зорлайды.

"Қандай адамға айналдым деген ой маза бермеді? Жанымды қоярға жер таппай, отбасыммен де бірге тұра алмадым. Сөйтіп, жақындарыма айтпастан, Шымкентке қашып кеттім. Үш күннен соң туыстарым тауып алып, үйге алып келді. Ата-анам ұрысып, ұрып-соққан жоқ, не болып жатқанын түсіндіруімді сұрады. Бұл ойдан одан бетер жаным күйзелді", – деп еске алады Абай тұрғыны.

Өз-өзіне қол салмақ болды

Басынан кешкен жайттардың кесірінен жас жігіттің жүйкесі сыр береді. Бір түні ол жантүршігерлік қадамға бел буады. Үй ішіндегілердің түгел ұйықтап қалуын күтіп, аулаға шығады да, өз-өзіне қол салмақ болады. Бозбаланы өлімнен әжесі құтқарып қалыпты. Келесі күні ол бар жайтты ата-анасына айтып береді. 

"Бәріміз бірге көп жыладық. Оқиғаны естіп ата-анам қатты қиналды. Әкемнің де, анамның да денсаулығына зиянын тигізді. Одан кейін өзім де ауруханаға жаттым. Мені шығарған түні О. хабарласты, анам әңгімемізді диктофонға жазып алды. Бұл жазбада ол жасаған ісін айтып берген", – деп Е. сол оқиғаларды еске алады.

Зорлықшылардың бірінің сөзін диктофонға жазып алған соң, жәбірленушінің отбасы Шымкент полициясына арыз береді. Одан бері үш жылдан астам уақыт өтті, Абай ауылындағы бозбала ісімен алты тергеуші айналысқан, алайда еш нәтиже шықпады. Құқық қорғау органдары айғақ жеткіліксіз дегенді алға тартады.

Зорланған жігіттің айтуынша, азғындардың бірінің беделді туысы бар, ол ауылға келіп жергілікті билікке "қысым" жасап кеткен.

"Көпшілік неге осы уақыттан бері үндемей келіп, енді айтып отыр деп ойлайтын шығар. Ол кезде 16-да едім, ештеңе білмейтін жасөспірім болатынмын. Жақсы отбасыдан шыққанмын. Ата-анам мені жақсы көреді, бұлай боларын ешқашан ойламаппын. Ол кезде біреу біліп қояр деп қатты уайымдайтынмын. Ал қазір есейдім, өз өмірім үшін күресіп, кінәлілердің жазасын беруім керек екенін түсіндім", – дейді жігіт зор үмітпен.

Шымкентте зорланған баланың әкесі қайғыдан көз жұмды

Қылмыстық істі тергеу: зорлау немесе өкілеттігін асыра пайдалану

Түркістан облысындағы ауыл жігітінің құқығын қорғау үшін отбасы екі адвокат жалдаған, алайда құқық қорғау жүйесінің алынбас қамалына тап болып, қорғаушылар істен бас тартыпты. Тергеу кезінде жәбірленуші мен зорлаған екі жігіт медициналық сараптамадан өтеді, үшеуінде де бірдей инфекция табылған, қолда бар басқа айғақтар: ұрып-соғу салдарынан сынған тістің суреті мен О. жасаған ісін мойындаған жазбасы. Бірақ, полицияның айтуынша, бұл айғақтар С. мен О. жауапкершілікке тартуға жеткіліксіз.

Алты жыл ішінде облыстық құқық қорғау органдарына, Бас прокуратураға, президент әкімшілігіне қаншама хат жазылғанымен, еш нәтижесі болмады.

"Әділдікке қол жеткізу үшін БАҚ-қа жүгінуге шешім қабылдадым. Менің жайымды естіп, көмектессе деймін", – деп жас жігіт өз шешімін тілшілерге түсіндірді.

Sputnik Қазақстан агенттігі Түркістан облысы ішкі істер департаментіне жіберген сауалына берген жауапқа сүйенсек,іс бойынша 362-бапқа "Билікті немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Биыл мамыр айының соңында қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық іс тоқтатылыпты.

"Бұл қаулы облыстық прокуратура қаулысымен күшін жойған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — делінген облыстық полицияның түсініксіз жауабында.

Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеулердің деректері жарияланбайды, деп қорытты баспасөз қызметі.

Істің мән-жайын білу үшін редакция Қазақстанның Бас прокуратурасына да сұрау жолдады.

Әкесі кішкентай қызына тиіскен жігітті жұрттың көзінше піштірді

Абай ауылының "атағы" шықты

Абай ауылы 2018 жылдың басынан бері жаман атаққа ие болды.Ол кезде жергілікті тұрғын әйел жеті жасар немересін жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлады деп мәлімдеген. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр, баланың ісіне шетелдік мамандар мен Қазақстанның балалар омбудсмені де араласты. Бірінші сынып оқушысына қатысты президент Нұрсұлтан Назарбаев та сөз қозғаған.

11238
Кілт сөздер:
педофил, жасөспірім, видео, зорлау, Абай ауылы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Базар маңында 10 жасар қызды зорлаған күдікті анықталды
ШҚО-да 12 жасар қызды екі еркек жабылып зорлаған
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен баланы зорлаған
Оңтүстік Кореяда қыз зорлаған шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді
Алматы облысы тұрғыны қызын зорлаған азғынға кешірім бермекші
Туған қызын зорлаған Қостанай облысының тұрғыны сотталды
Алты жасар Виканы зорлаған қылмыскер алқабилер сотын сұрайды
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото

Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

5235
(Жаңартылды 10:03 22.01.2021)
Жүк көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, полиция қызметкерлері мінген жеңіл автокөлікпен соқтығысты

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды 

Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

5235
Тақырып бойынша
Жолаушылар әр жерде жатыр: желіде Алматыдағы жол апатының видеосы жарияланды
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
Полицейлер елорда тұрғындарын жолда барынша сақ болуға шақырды
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Жанып жатқан автобус, архивтегі фото

Талдықорғанда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті видео

494
Өрт шыққан кезде автобуста бес жолаушы болған, олар салоннан шығып үлгерген, ешкім жарақат алған жоқ

ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Бүгін таңертең сағат 07:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне облыс орталығы көшелерінің бірінде автобус өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта автобус толығымен отқа оранған.   

"Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 14 қызметкер мен 3 бірлік арнайы техника оқиға орнына барды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еңбек – Талдықорған бағытында жүретін № 228 жолаушылар автобусы жанып кеткені анықталды. Өрт кезінде қоғамдық көлікте 5 жолаушы болған, олар салоннан өз бетімен шығып үлгерген.   

494
Кілт сөздер:
өрт, автобус
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан маңында жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео
Қостанайда жолаушылар автобусы отқа оранды – видео
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесіне сот үкімі шықты
Рудный қаласындағы автопаркте он автобус отқа оранды
Коронавирус вакцина

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз

0
Вакцинаны әзірлеген "Вектор" орталығының мамандары "ЭпиВакКоронаның" иммунологиялық тиімділігі 100 процент деп атады

Бұл COVID-19 қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 тікенді ақуызының кішкентай бөлшектерінен тұратын синтетикалық препарат. Қазір бұл вакцинаны сынауға үш мыңнан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ, ол азаматтық айналымға да түсті. Оның кері әсері өте аз деп хабарланды. Сондықтан, вакцина егде жастағы адамдарға қолдануға да жарамды.

"ЭпиВакКорона" неден тұрады

Осы вакцина тасымалдағыш ақуызға бекітілген SARS-CoV-2 коронавирусының тікенді ақуызының қысқа бөлшектерінен тұрады. Бұл бөлшектердің құрамында пептидтер деп аталады. Сондықтан, вакцина да пептидтік деген атауға ие болды. Тасымалдаушы ақуызға коронавирустың РНҚ-сын қоршап тұрған нуклеокапсидті ақуыздың бөліктері бар. Иммундық әсерді күшейтетін зат - адъювант ретінде алюминий гидроксиді жұмыс жасайды. Сонымен қатар қосалқы қосылыстар мен су бар. Барлық құрауыш элементтер синтетикалық болып табылады.

Вакцина құрамында қандай пептидтер бар

РИА Новости агенттігіне "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталықта хабарлағандай, вакциналық пептидтердің құрамында ең алдымен В-жасушалы эпитоптар бар. Т-хелперлі эпитоптардың көзі ретінде тағысалдаушы ақуыз қызмет етеді.

SARS-CoV-2 - нуклеокапсид  қабыршағына оралған РНҚ молекуласы болып табылады. Мұның бәрі сыртынан тәж тәрізді тікенді ақуыздармен безендірілген липидті қапшықта тұрады. Сондықтан, оны коронавирус деп айтады.

Тікенді ақуыздар вирустық бөлшектің адам жасушасына жабысып, ішке енуіне көмектеседі. Көптеген зерттеулер бұл тікендердің организмде ең үлкен иммундық реакцияны тудыратынын анықтады. Биологтардың терминологиясында тікенді ақуыз -  антиген болып табылады. 

Бұл ақуыздың молекуласы өте үлкен және оның ішінде ерекше аймақтар – эпитоптар бар. Иммундық жүйенің жасушалары оларды анықтап, инфекциямен күресті іске қосады.

Вакцина қалай жұмыс істейді

Екпе нәтижесінде ақуыз тасымалдаушы барлық үш пептидті адамның Влимфоцитіне жеткізеді. Олар пептидті белсендіреді де, қорғаныш антиденелер - иммуноглобулиндер өндіріле бастайды. Әрбір В-эпитопы бірегей иммуноглобулиннің синтезіне жауап береді. Алдымен M (IgM) тобына жататын антиденелер түзіледі. IgG - содан кейін қалыптасады да, олар иммунитетті көрсетіп, ұзақ уақытқа қанда қалады. 

"Вектор" орталығындағылар екпеден туындайтын антиденелер коронавирустың тікенді ақуыз үшін айрықша екенін растайды. Иммунизацияланған еріктілердің қан сарысулары вирусты бейтараптандыратын белсенділік танытады. Демек, антиденелер коронавирусты танып қана қоймай, оны жоюға қабілетті.

"ЭпиВакКорона" құрамында коронавирус бар ма

Онда ешқандай вирус және оның бөліктері жоқ. Бұл вакцина құрамында аденовирустар бар "Спутника V" вакцинасынан өзгеше. "ЭпиВакКорона" құрамында РНҚ, ДНҚ, тірі құрауыштар, консерванттар немесе антибиотиктер жоқ. Оның құрамында пептидтер бар. Олар коронавирустың ақуыздарымен бірдей пептидтер – ақуыздар бөлшектері бар. 

Пептидтік вакцина қалай жасалады

Ол пептидтердің химиялық синтездері, яғни, жекелеген аминқышқылды қалдықтардан бірізді тізбек құру процесімен әзірленеді. 

"Егер пептид қысқа - сегізден онға дейінгі қалдықтар болса, онда синтездеу ерітіндіде өтуі мүмкін болады. Ол ұзағырақ, бірақ арзан. Ұзынырақ пептидтер қатты фазалы әдіспен синтезделеді. Сегіз аминқышқылының қалдықтарынан тұратын пептид қатты фазалық әдіспен көлеміне, аминқышқылдарының реттілігі мен жабдық сипаттамаларына байланысты екі сағат ішінде, ұзақ дегенде бір тәулік ішінде синтезделеді. Әрі қарай тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясымен тазарту жүргізіледі. Бұл әлдеқайда тез, бірақ арзан емес", - дейді В.Н.Орехович атындағы биомедициналық химия ғылыми-зерттеу институтының пептидтік инженерия зертханасының меңгерушісі Екатерина Колесанова.

Екпе қалай жасалады

Вакцина суспензия түрінде шығарылады және шприцпен иық бұлшықетіне енгізіледі. Пептидті препараттар иммунитеттің қуатты әрі жылдам жауап қатуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, "ЭпиВакКорона" 21 күн аралығымен екі рет бірдей мөлшерде енгізіледі.

Қандай кері әсері бар

І және ІІ кезеңдегі сынақтарға қатысушылар екпе салған орынның аздап ауыратынын, бірақ, тез басылатынын айтқан. Басқа жағымсыз әсер тіркелген жоқ. 

Тіркеуден кейінгі сынаққа қатысушылар құрған ресми емес #ЭпиВакКорона Telegram арнасында қолайсыздық, екпе салған орынның тәулік бойы қызарып тұруы, иықты қатты ауырсыну секілді аздаған кері әсер жайлы айтқан. Дене қызуының көтерілуі, қалтырау секілді белгілер ешкімнен байқалмаған немесе оның екпемен байланысы расталған жоқ. 

"ЭпиВакКорона" қаншалықты тиімді

"Иммунологиялық және профилактикалық тиімділік бар. Біріншісі - айрықша антиденелер шығару. Клиникалық зерттеулердің I-II кезеңдерінің нәтижелері бойынша барлық еріктілерде айрықша антиденелер түзілді. Профилактикалық тиімділік - бұл екпе салдырғандардың аурудан қорғануы. Бұл бағыттағы зерттеулер тіркеуден кейінгі клиникалық сынақтар барысында жалғасып жатыр. Мәліметтер ақпан айында дайын болады", - деп түсіндірді Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінің баспасөз қызметінде. 

"Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығында І-ІІ кезеңдердің клиникалық сынақтары әлі аяқталмағанын айтты. 

Қазір плацебо тобымен рандомдалған зерттеу өтіп жатыр. Адамдарды кездейсоқ іріктеумен топтарға бөліп, олардың біріне вакцина, біріне физикалық ерітінді салынып жатыр. Сынақтар соңғы еріктіге екпе салғаннан кейін 180 күннен соң аяқтайды. 

Бір уақытта жасы 60-тан асқан азаматтарға да сынақ жүргізіліп жатыр. Осы топ бойынша алдын ала мәлімет те ақпан айында дайын болады. 

Вакцинаның әсерін өз бетінше қалай тексеруге болады

IgG тобындағы антиденелердің коронавирустың S-ақуызына әсері бойынша қан талдауын вакцина егілген күннен бастап 35-42 күн өткен соң ғана жасау керек. Алайда, барлық тест-жүйелер "ЭпиВакКорона" түзген антиденелерді көре бермейді.

Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінде мәлімдегендей, ол үшін "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы әзірлеген "SARS-CoV-2-IgG-Вектор" тест-жүйесі сәйкес келеді. 

Коронавирусқа қарсы пептидтік вакцинаны тағы кім әзірлеп жатыр

Бүкіл әлемде пептидтік вакциналар эксперименттік сатыда тұр. Олардың әзірлеу және тексеру үлкен шығынды қажет етеді. Сондықтан, олар мРНҚ, векторлық және инактивацияланған / өлтірілген вакциналардан артта келе жатыр. Ресейде бұл мәселені өз бетімен шешу үшін қажетті ресурс пен білікті мамандар жеткілікті. 
19 қаңтардағы ДДҰ тізімінде "ЭпиВакКоронадан " басқа тағы екі пептидтік вакцина бар. Олар да адам ағзасында тексеріліп жатыр.

 

0