Саин көшесінде жаяу жүргінші көлік астына түсіп қаза тапты

Алматыда кісі қағып өлтірген Lexus жүргізушісін іздеп жатыр

628
(Жаңартылды 20:55 27.08.2018)
Жол апаты Саин көшесі бойында Райымбек көшесіне жетпей болған. 55 жастағы ер адам көлік астына түсіп қаза тапты

АЛМАТЫ, 27 тамыз — Sputnik. Алматыда Саин көшесі бойында белгісіз бір көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ер адам жаяу жүргіншілер көпірінің астынан өтіп бара жатқанда, болжам бойынша, Lexus көлігі қатты жылдамдықпен басып кеткен.

1963 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Кісіні қаққан авто оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір тергеушілер, жол полициясы мен іздеу бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтап, көлік жүргізушісін табу мақсатында шаралар атқаруда.

  • Саин көшесінде жаяу жүргінші көлік астына түсіп қаза тапты
    Саин көшесінде жаяу жүргінші көлік астына түсіп қаза тапты
    Sputnik
  • Саин көшесінде жаяу жүргінші көлік астына түсіп қаза тапты
    Саин көшесінде жаяу жүргінші көлік астына түсіп қаза тапты
    Sputnik
1 / 2
Sputnik
Саин көшесінде жаяу жүргінші көлік астына түсіп қаза тапты
628
Кілт сөздер:
қашып кетті, кісі қағып өлтіру, жаяу жүргінші, жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Жолаушылар жол жиегінде жатыр – Алматы облысында автобус аударылды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Оралда 9 жасар бала бір аптада үш рет жол апатына түсті
Адамның қолы

Үш адам қайтыс болды БҚО-дағы қайғылы жағдайдың мән-жайы

458
(Жаңартылды 09:51 30.11.2020)
Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолында болды. Үш адам көз жұмды, өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Волга" және Lada Granta көліктері соқтығысып жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город".

Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолының 16-шы шақырымында сағат 15.46-да болған. 

"Лада" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды (30 жастағы және шамамен 40-50 жастағы ер адамдар мен 52-дегі әйел).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Осы көліктің тағы екі жолаушысы мен "Волганың" жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел комаға түсті. 69 жастағы ер адамның миы шайқалған, 17 жастағы жасөспірімнің қолы сынды.

458
Кілт сөздер:
жол апаты, қайғылы оқиға, адам, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды
БҚО-да жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды: ата-анасы достарын кінәлайды
Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Алматы блок бекетіндегі апат: аман қалған полицей не жағдай болғанын айтты
Жедел жәрдем көлігі

Жамбыл облысында қайғылы оқиға салдарынан 2 бала көз жұмды

3139
(Жаңартылды 16:11 29.11.2020)
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, балалар Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. 

"Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.

3139
Кілт сөздер:
су, мұз, бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

18
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

18
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті