Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді

Алматыда автобус әйел адамды басып өлтірді - видео

987
(Жаңартылды 17:52 05.09.2018)
Солтүстік шеңберде жаяу жүргіншіні автобус қағып өлтірді

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек — Sputnik. Алматыда автобус жаяу жүргінші әйелді басып кетті, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Қайғылы оқиға Солтүстік шеңберде "Дорожник" шағын ауданына бұрылар жерде болған. Оқиға куәгерлері мен автобус жүргізушісінің айтуынша, №135 қоғамдық көлік Солтүстік шеңбермен келе жатқанда, жол жиегінде кетіп бара жатқан әйел бағдаршам алдында құлап түседі, есінен танып қалса керек. Әйелдің басы автобустың артқы дөңгелегі астында қалған екен. Жүргізуші тоқтап үлгермей, жаяу жүргіншіні басып кетті.

1972 жылы туған жарымжан әйел жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

  • Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді
    Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді
    © Sputnik
  • Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді
    Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді
    © Sputnik
  • Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді
    Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді
    © Sputnik
1 / 3
© Sputnik
Солтүстік шеңберде автобус мүгедек әйелді басып өлтірді

987
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, автобус, әйел адам, жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Тұрақта тұрған КамАЗ үш адамды басып өлтірді
Жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті – жантүршігерлік видео
Полиция көлігі тротуарға шығып, адамдарды басып кетті - видео
Британия парламентінің жанында адамдарды көлік басып кетті – оқиға орнынан видео
Төбелес, архивтегі сурет

Алматы әуежайында болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті

1742
(Жаңартылды 15:08 24.11.2020)
Алматы халықаралық әуежайының барында сөзге келіп қалған адамдар бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Алматы-Ақтау рейсінің мас жолаушысы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған. 

Оқиға 23 қараша күні Алматы әуежайының күту залында болды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы барда ұйықтап қалған. Бармен оятқан кезде ер адам ашуланып, жанжал туындады. Ол бардың арғы жағына өтіп, төбелесе бастаған. Мұндайды күтпеген қызметкер қашуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Медициналық тексеріс кезінде жолаушының орташа дәрежеде мас екені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицияда.

Оған сәйкес, 2 мың АЕК, яғни 5 556 000 теңге айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. 

Тексеріс жүргізіліп жатыр.

1742
Кілт сөздер:
видео, төбелес, әуежай, Алматы
Тақырып бойынша
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Алматы облысында түрмеде төбелес шықты
Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды
Елордадағы дәмханадағы жарылыс

"Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді

712
Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердегі терезе әйнектері шытынаған

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмхана жарылысына сол маңда орналасқан гүл дүкенінде жұмыс істейтін адамдар куә болған.

Газ баллоны жарылғаннан кейін гүл дүкенінің қызметкерлеріне жарақат алғандардың алғашқы легі жүгіріп барған. Кейбіріне сол жерде көмек көрсетілді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Олар жараланған, қаны сорғалап тұрды. Бұл өте қорқынышты болды, бастапқыда ештеңе түсінбедік. Дүрлігіп, шу болып, айғайлап, жылады. Иісі жаман түтін болды", - дейді астаналық Нұржайнар.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердегі терезе әйнектері шытынаған.

Взрыв в кафе в Нур-Султане
© Photo : МЧС РК
Дәмханада болған жарылыс

"Біз сол уақытта үйде болдық. Кенеттен қандай да бір тарсыл естілді, толқын секілді үйді шайқалтқандай болды. Содан кейін біраз уақыт өткен соң Шұбарда жеке тұрғын үйде жарылыс болғанын айтты", - деді Нұр-Сұлтанның Бәтима есімді тұрғыны.

Айта кетейік, қайғылы 21 қарашада болды. Түскі уақыт кезінде дәмхана ішінде ондаған қызметкер мен қонақтар болған кезде газ баллоны жарылды. Асхананың төбесі опырылып түскен, ішінде болған әйел апат орнында көз жұмды.

Апат салдарынан 34 адам зардап шекті, оның басым бөлігі – дәмхана қызметкерлері. Қазір 23 адам ауруханада жатыр.

Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр, бір науқастың жағдайы аса ауыр, екі адамның хәлі ауыр, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

"Тағы бір науқас травматология бөлімінде жатыр. Науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Бұл ер адам – дәмхана қызметкері. Қалған адамдар комбустиология бөлімінде (күйік бөлімі – Sputnik)", - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Төтенше жағдайлар департаменті дәмхана ішінен 35 газ баллоны шығарылғанын хабарлады. Оларды осындай көлемде сақтауға болмайды, дейді ведомство өкілдері.

Нұр-Сұлтан полициясы қылмыстық кодекстің 292-бабының екінші бөлігі "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Нұр-Сұлтан әкімдігі жарылыс салдарынан қайтыс болған әйелдің отбасына 1 миллион теңге төлеп, денесін Қызылордаға жеткізуге көмектесетін болды.

712
Кілт сөздер:
жарылыс
Теңізде орналасқан Қашаған мұнай кеніші

Министр Қашағанда мұнай өндіруді шектеудің себебін түсіндірді

0
Министрдің айтуынша, Атырау облысында ілеспе газды өңдейтін тағы бір зауыт салу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қашағандағы мұнай өндіру көлемі ілеспе газды кәдеге жаратуға байланысты шектелетін болды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қашаған кен орнында өндірісті шектеудің негізгі себебі – ілеспе газды кәдеге жарату", – деді министр.

Осы мақсатта North Caspian Operating Company (NCOC) Атырау облысындағы "Болашақ" газ өңдеу зауытының жанынан қуаттылығы 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу туралы инвесторлармен келісімге келді.

"Болашақта тараптар барлық көрсеткіштер бойынша келісімді мақұлдаған соң, оның қуаттылығын 5 миллиард текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр", – деп атап өтті Ноғаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қашаған кен орнынан қанша мұнай алуды көздейді

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жұмыс белсенді жүргізілуде және келіссөздер аяқталуға жақын.

0
Кілт сөздер:
мұнай өңдеу зауыты, мұнай
Тақырып бойынша
Тұрымов ОПЕК+ келісімі мұнай өндірісіне қалай әсер еткенін айтты
Қазақстанда мұнай-сервис компанияларына қатысты талаптар өзгеруі мүмкін
Қашаған мұнайы әлемдік нарыққа шығарылды
Қашаған кен орнында ірі зауыт салынады
COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалықтан соң мұнай 10%-ке қымбаттады