Оқиға

ҚТЖ вагондардың рельстен шығып кету себебін атады

© Sputnik / Тимур БатыршинТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға салдарынан "Астана – Маңғыстау" жолаушылар пойызы уақытынан кешіккен

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысындағы Қазанбасы стансасында  6 қыркүйек күні таңертең жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне не себеп болғаны анықталды. 

Рельс, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады

Төтенше оқиға сағат 5:55-те болды, құрама күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге қиыршық тас жеткізуі тиіс болған.   

"Integra Construction KZ" компаниясының вагондары рельстен шығып кетті. Себебі анықталды – бірінші доңғалақ жұбының орта бөлігі қозғалыс кезінде сынып кеткен", — деп түсіндірді "ҚТЖ – Жүк тасымалы". 

Доңғалақ жұбына 2017 жылы сәуірде Павлодар вагон жөндеу депосында жөндеу жүргізілгені аталып өткен. "ҚТЖ – Жүк тасымалы" хабарлағандай, шамамен бір сағаттан кейін "Астана – Маңғыстау" бағытында қатынайтын пойыздың қозғалысы қалпына келтірілді.  

Жаңалықтар
0