Жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Алматыда жаяу жүргінші өзін қаққан көліктің артқы терезесінен бір-ақ шықты

566
(Жаңартылды 16:16 18.09.2018)
Көптеген оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ер адам өз-өзін біртүрлі ұстаған

АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 12 қыркүйекке қараған түні жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Қайғылы оқиға Рысқұлов даңғылы бойында Аврора көшесіне жете бергенде болған. Куәгерлердің сөзі бойынша, ер адам жол бойымен келе жатып, көліктерге тас лақтырып жүреді. Кенет жолдың ортасына шығып кеткен, ал ол кезде Рысқұлов даңғылымен BMW көлігі қатты келе жатты. Жүргізуші бар жылдамдығымен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Қатты соққыдан жаяу жүргінші көліктің ішіне кіріп, артқы терезесінен бір-ақ шықты
© Sputnik
Қатты соққыдан жаяу жүргінші көліктің ішіне кіріп, артқы терезесінен бір-ақ шықты

Қатты соққыдан ер адам көліктің ішіне кіріп, артқы терезесінен бір-ақ шықты. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Қаза тапқан ер адам 1980 жылы туған екен.

мән-жайды анықтап жатыр.

566
Кілт сөздер:
полиция, жол апаты, кісі қағып өлтіру, жаяу жүргінші, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында үш бала бар
Алматы полициясы базар маңында көлік қағып өлтірген адамның кім екенін анықтап жатыр
Алматыда тағы бір жаяу жүргіншіні Lexus қағып өлтірді
Алматыда Mercedes-Benz кісі қағып өлтірді
Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді
Су, шомылу

Оралда шомылатын ойықтан су алмақ болған ер адам көз жұмды

595
(Жаңартылды 17:35 19.01.2021)
Зейнеткер Михайло-Архангельск шіркеуінің жанында өткен шоқынудан кейін су алуға келген, ер адам сол жерде қайтыс болды

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Оралда ер адам шоқыну мерекесіне жасалған арнайы орында көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Зейнеткер немересімен бірге ойыққа шоқыну рәсімі өткен соң су алу үшін барған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денсаулығы жолда нашарлаған.

Орал қаласының жедел жәрдем дәрігерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зейнеткерге көмекке келді, алайда құтқарып қала алмады.

Марқұм немересінің айтуынша, атасы жүрек сырқатымен есепте тұрған.

Оқиға орнына Орал полициясының жедел-тергеу тобы шақырылды, полиция кенеттен қайтыс болу фактісін тіркеді.

 

595
Кілт сөздер:
ер адам, Орал
Тақырып бойынша
Каратэден Қазақстан құрамасының бас бапкері дүниеден озды
Қырғызстанда қазақстандық жасөспірім көз жұмды – тиісті сараптама тағайындалды
Қазақтың Тайлағы дүниеден өтті
Туысы тауып алған: Аягөзде әйел мен оның 13 жастағы ұлы көз жұмды
Қарағанды шахтасындағы төтенше жағдай: бір жұмысшы қайтыс болды
Пышақ ұстаған ер адам, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды

54
Оқиға орнына шұғыл жеткен медициналық жедел жәрдем қызметкерлері екі адамның қайтыс болғанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Елорда тұрғыны әйелін пышақтаған соң пәтерді ішінен жауып, өзіне пышақ салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға өткен демалыс күні болған.

Көппәтерлі үйдің бірінде тұратын туысқандар арасында жанжал шыққан. Ашуға бой алдырған ер адам әйеліне пышақ ала жүгірген. Сондай-ақ, жұбайының әпкесіне де жарақат салған. Бірақ ол пәтерден қашып шығып, адамдардан көмек сұраған. Көршілер бірден полицияға хабар берген.

"Есік іштен құлтанғандықтан құқыққорғаушылар үйге бірден кіре алмады. Полицейлер есікті бұзып кіруге мәжбүр болды. Пәтердің ішінде 46 жастағы әйел мен оның жолдасының мәйіті табылды. Ер адам өз-өзіне пышақ салған", – дейді полицейлер.

Оқиға орнына келген медициналық жедел жәрдем мамандары екі адамның да қайтыс болғанын растады.

Оқи отырыңыз: Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады – видео  

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

54
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, кісі өлтіру
Тақырып бойынша
Пышақ жарақатын алып, бүкіл елді шулатқан шенеунік министрдің орынбасары болды
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
Нұр-Сұлтанда ер адам автокөліктерге пышақ ала жүгірді – видео
Пышақ ұстап, ауылдастарының үйіне келді: ШҚО тұрғыны ұлы үшін кек алмақ болды
Алматыда адам өмірін қиған жол апаты: оқиға орнынан тапанша мен пышақ табылды
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

36
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

36
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады