Оқиға

Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші ісі: сотта жаңа деректер шықты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЕр адам лифт жөндеп жатыр
Ер адам лифт жөндеп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұм әйелдің туыстары сотталушылардың темір торға ұзақ мерзімге қамалуын талап етіп отыр

АҚТӨБЕ, 20 қыркүйек — Sputnik. Сот отырысы кезінде тележүргізуші Айзат Әбдісамат көз жұмған лифтіні аула сыпырушы жөндегені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Анасы мен қызы лифт ішінде тұр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Лифтіде жаншылып өлген журналистің анасы кінәлілерді қатаң жазалауды сұрады

Не болды?

Ақтөбеде 27 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотталушылар орындығында "Жаңабек-сервис" ЖШС жетекшісі Кенен Жаңабеков пен 62 жастағы осы кәсіпкерліктің механигі Жарылқасын Ақжанов отыр. Олар ҚР ҚК 306-бап 3-бөлігі бойынша ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмысты орындау немесе қызмет көрсету") айыпталып отыр.

Қайғылы жағдай 4 сәуір күні болды. "Қазақстан Ақтөбе" арнасының тележүргізушісі өзінің күйеуін жұмыстан күтіп алуға сыртқа шығады. Лифт кабинасына бірінші жетектеген қызын кіргізеді. Кейін өзі кіріп бара жатқан сәтте лифт есігі жабылып, жоғары қарай жүріп кетеді. Әйел осылайша баласының көз алдында ажал құшады. Кейін оның денесін лифтіден күйеуі алып шыққан.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, әйел адам ажал құшқан лифт қауіпсіздік нормасына сай келмесе де, пайдаланылып жүрген. Сондай-ақ, бұл лифтіні пайдалану мерзімі бұрын аяқталып қойғаны белгілі болды.

Істегі жаңа фигурант

Өз кінәсін мойындамай отырған Ақжанов сотқа ауруханадан келді. Жуырда оның жүрегіне ота жасалған. Ол әрең және ұзақ сөйледі. Сондай-ақ, ол тележүргізуші қайтыс болған лифтіні қалай жөндеп бергенін түсіндірді.

"Мен өзіме көмекші алғым келген. Бірақ Кенен Жаңабеков аз ақша төлеу үшін маған көмекші ретінде аулу сыпырушыны ұсынды", — деді ол.

Жаңабековтың айтуынша, бұл лифтінің тиісті паспорты болмаған. Сол себепті оған жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгі қойылмаған. Сондай-ақ, сотталушы механиктің айтуынша, "бұл лифтіге қатыстының барлығы адал сөзге құрылған". Лифт жыл сайынғы тиісті тексеруден өтпеген.

Оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды

Сот механикке лифтіні жөндеуге көмектескен аулу сыпырушыдан да жауап алды.

"Механик болған жағдайдан кейін маған қоңырау шалып, полицияға ұстатқышты өзі ауыстырмағанын айтуды өтінді. Бірақ, оны өзі ауыстырған болатын. Өтірігін жасырған жағдайда ол маған 120 мың теңге жалақы төлейтін жұмыс ұсынатынын айтты. Қазіргі жұмысымда 70 мың теңге алып жүрмін. Бірақ, мен полицияға барлығы қалай болғанын жасырмай айтып бердім", — деді аула сыпырушы.

Процесс жалғасып жатыр, марқұмның туыстары бұрынғыдай сотталушылардың темір торға ұзақ мерзімге қамалғандарын қалайды.

Олардың кінәлі екендері дәлелденсе, "Жаңабек сервис" ЖШС директоры Кенен Жаңабеков пен лифт жөндеушісі Жарылқасын Ақжанов 4 және 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0