ШЫМКЕНТ, 12 қазан – Sputnik. Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға қаланың Самал шағын ауданында болған. Көшеде екі топ бозбала өзара ерегісіп, кикілжің туындаған. Төбелесе кеткен қос тарап кім мықтыны анықтамақ болған көрінеді. Жаппай төбелес кезінде бозбалалардың бірі шолақ мылтықпен құрдасын атып жіберген. Жарақат алған жас жігіт ауруханаға жетпестен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.
"Аса ауыр қылмыс болғандықтан, құрықталған күдіктіге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасынан басқа шараға тыйым салынды. Адам қазасы болғандықтан кепіл шарасынан бас тартылды. Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды"-деп мәлімдеді судья Қамшыбек Анарбаев.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің біріндегі кіреберістен күйік шалған мысық табылды.
Жартылай жанып кеткен мысықтың суреті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін zverohelp_astana волонтері Вероника Бродецкая көмек көрсету үшін оны алып кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кеше түнгі 11 шамасында "Сырдария" тұрғын үй кешенінде жанып кеткен мысық табылғаны туралы ақпарат алдық. Адамдар 109 желісіне хабарласып, мысыққа көмек көрсеткісі келген. Бірақ біз тез арада пост авторымен байланысып, мекенжайға жеттік. Мысық 11-ші қабатта болған. Оның үсті-басының бәрі жанып кеткен, табанының барлығы күлге айналған", - деді Вероника Бродецкая.
Хэлл Бой деген есім қойылған мысықтың денесінің 70%-ін күйік шалған. Ветеринарлық клиникада оған жедел көмек көрсетілді. Ол жазылу үшін бірнеше ай ем қабылдауы керек. Қазір марғау ветеринарлардың бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Оның тіндерінде некроз пайда болып, интоксикация туындау қаупі бар. Қазір дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Ашық отқа жанып кететіндей бұл мысық қайда кіріп кеткенін түсінбеймін. Оның үстіне ол әдейі отқа түспейді. Түсініксіз жағдай", - дейді астана тұрғыны.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Волонтер Вероника Бродецкая мысық аман қалса, оған жаңа үй табатынына сенімді.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қарттарды өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, олардың бірі марқұмдармен таныс болған.
1 наурыз күні Алтынсарин ауданының Щербаково ауылында жеке үйден зорлықпен өлтірілген 84 жастағы ер адам мен 75 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазды өңірлік "Алау" басылымы.
Полиция қызметкерлері бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеді.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, облыстық полиция департаментінің басшылығы келді.
Полицияның мәліметіне сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Қаскүнемдердің бірі зардап шегушілермен таныс болған, ол бұрын сол ауылда тұрған.
Сарыағаш тұрғыны зейнеткерді өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған
"Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ер адамдар ақша талап етіп, зейнеткерлерге пышақ жарақатын салған", - деп жазды басылым полицияға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.