Жол апаты

Алматыда ірі жол апаты болды: көліктердің тас-талқаны шыққан - фото

336
(Жаңартылды 18:02 22.10.2018)
Үш көліктің соқтығысуы салдарынан бір жолаушы ауыр зардап шекті

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесі қиылысында ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, BMW көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатады. Неге екені белгісіз жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қарсы бетке шығып, Toyota Windom көлігіне соғылады.

Қатты соққыдан BMW арт жағымен Toyota Camry 30 көлігіне соғылған.

Camry қарсы бетке шығып кетіп, ал BMW жол үстінде шыр көбелек айналады.

салдарынан Toyota Camry жолаушысы зардап шекті, бассүйек-ми жарақатын алған адам ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, ол көліктің ішінде орнын ұшып кетіп, алдыңғы терезеге соғылған.

  • Жолаушы ауыр зардап шекті
    Жолаушы ауыр зардап шекті
    © Sputnik
  • Көліктердің быт-шыты шыққан
    Көліктердің быт-шыты шыққан
    © Sputnik
1 / 2
© Sputnik
Жолаушы ауыр зардап шекті

Қатты соққыдан Camry мен BMW көліктерінің күл-талқаны шықты.

Оқиға орнында қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

336
Кілт сөздер:
фото, көліктер, зардап шегуші, жолаушы, жол апаты, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда жол ортасында тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кетті
Алматыда жаппай жол апаты болды: инкассатор көлігінің быт-шыты шықты
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам өлді
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам өлді
Жұдырық, төбелес

Атырауда болған қылмыс видеоға түсіп қалды

100
(Жаңартылды 19:15 29.07.2021)
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 28 шілде күні сағат 12:00 шамасында болған. Белгісіз біреу зейнеткерді алдымен тұншықтырған. Одан кейін телефонын алып қойды. Қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Ал тонау сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалды.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

"Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқырған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Айғақ зат тәркіленді. Ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер. 

Айта кетері, осы бап бойынша бірнеше жаза қарастырылған. Соның біреуә қолданылады. Атап айтқанда: 

  • 2 000 АЕК-ке(5 834 000 теңге)дейінгі айыппұл; 
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстары;
    1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
  • 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу;
  • не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру.

Соттың шешімімен кінәлі деп танылған адамның мүлкi де тәркiленуі мүмкін.

 

100
Кілт сөздер:
видео, қылмыс, Атырау
Тақырып бойынша
"Денесін бөлшектеп тастаған": Қарағанды облысындағы сұмдық қылмысқа не себеп болды
Екібастұздағы кісі өлімі: қылмысқа не себеп болғаны хабарланды
"Зорлады деп айыптаймын": Атырауда қыз жігіттен ақша бопсалаған   
Атырауда басшысынан кек алмақ болған ер адам полицияны әбігерге түсірді
Түркістан полицейлері жас жігітке массаж жасаған әйелді қылмыс үстінде ұстады
Архивтегі сурет

Дәмханаға келген ер адам даяшыны бетінен ұрды оқиғаның мән-жайы

570
Даяшыға қол көтерген ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе оған 5,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Алматы полициясы үстіне сусын төгілген ер адамның кәмелетке толмаған даяшыға қол жұмсағаны түсірілген атышулы видеоны тексеріп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде дәмханаға келген клиенттің даяшыны бетінен ұрғаны түсіп қалған видео тарады. Қызметкер ер адамның үстіне байқаусызда кофе төгіп алған. Ролик желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Оқиға 25 шілде таңертең Қабанбай батыр көшесіндегі мекемелердің бірінде болды. Алматы полициясына 17 жастағы даяшының анасы шағымданды.

Полицейлер қол көтерген ер адамды тауып, ұстады. Оның жасы 29-да. Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда ол Медеу ауданы полиция басқармасына тергеу амалдары үшін жеткізілді. Кінәлі адам жауапқа тартылады", - деп сендірді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Кейінірек дәмхана клиентінің жәбірленушіден көпшілік алдында кешірім сұраған видеосы пайда болды.

"Келеңсіз оқиға болды. Даяшы байқаусызда үстіме кофе төгіп алды. Сол үшін мен оған қол көтердім, қатты ұрған жоқпын. Бірақ бәрібір де бұл қылығым дұрыс болмағанын түсінемін. Жұртшылықтан, жәбірленушіден кешірім сұраймын", - деді ер адам.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы бірінші тармағы "Бұзақылық" бойынша 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (5,8 миллион теңгеге жуық) айыппұл, немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

570
Кілт сөздер:
видео, даяшы, дәмхана, Алматы
Тақырып бойынша
Танымал әртіс даяшы қыздарға 20 мың доллар шайпұл қалдырып кетті
Даудың басы даяшы қыз: Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті
Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді
Мейрамханаға келуші даяшыны өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады