Оқиға

Төрт ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірімге қатысты суыт хабар жетті

Жазылу
Осы жазда Қаратал өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мәйіті Алматы облысынан табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 қазан – Sputnik. Алматы облысында Үштөбе қаласына жақын маңда Қаратал өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Сүңгуір - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-да балаларымен бірге суға батып кеткен имамның мәйіті табылды

Осы жазда, 29 маусым күні Үштөбеге жақын маңда Қаратал өзеніне шомылып жүрген 13 жастағы Иса Бекбаев жоғалып кетті.

Ол кезде полиция, төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті тұрғындар, туыстары мен еріктілер бір айдан астам уақыт іздеп таба алмаған болатын.   

Жасөспірімнің мәйіті бастапқы іздеу жұмыстары жүргізілген жерден үш километр қашықтықта орналасқан Қожбан ауылына жақын маңдағы өзеннің арнасынан 21 қазан күні табылды.   

Баланы туыстары таныды.  

"Қазір мұндай жағдайларда өлім себебін анықтайтын міндетті сот-медициналық сараптама жүргізілуде", — деп хабарлады облыстық ІІД.

Алдына ал болжам бойынша, бала шомылып жүріп суға батып кеткен, оны куәгерлер растап отыр, деп түсіндірді ведомстводағылар.  


Жаңалықтар
0