Оқиға

Астанада полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушінің көлігіне оқ атты

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем автокөлігі
Жедел жәрдем автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетпек болған жүргізуші апатқа ұшырады

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Астанада полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушіні тоқтату үшін оқ атуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі оқиғаға түсініктеме берді.

Жексенбі, 28 қазан күні Instagram-дағы vastane.kz паблигінде жарияланған видеода "Аружан" сауда ойын-сауық орталығының артында полицейлерден қашқан жүргізушінің ұсталғаны жайлы айтылған. Жүргізуші мас болған.

Кейінірек ішкі істер министрлігі аталған видеоға түсініктеме берді.

ІІМ ресми өкілі  Алмас Сәдубаевтың айтуынша, жүргізуші алдымен Жұбанов көшесінде болған апат орнынан, содан кейін полицейлерден қашып кетуге әрекеттенген, алайда тағы бір апатқа ұшыраған. 

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апатына кінәлі Porsche Cayenne жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Қашқын тәртіп сақшыларының заңды талабын елемеген. Ал көше қиылыстарының бірінде тоқтатпақ болған полицейді көлікпен сүйреп өткен. Осыдан кейін полицейлер доңғалақтан екі рет оқ атуға мәжбүр болады. Дегенмен бұл да көмектеспейді. Ер адам өзге көлікпен соқтығысқан, соның арқасында полицейлер Құдайберді көшесінде автокөлікке тосқауыл қойған, ал екі жол апатын жасаған жүргізуші ұсталды.

ІІМ көлікті қуу кезінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті.        


Жаңалықтар
0