Автобус апаты

Қарағанды облысында 45 адам мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты - фото

400
(Жаңартылды 11:24 22.11.2018)
Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шегіп, бір ер адам қаза тапқан

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты 21 қарашада таңертең Қызылорда – Павлодар жолының 982-ші километрінде болды, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

45 жолаушы мінген автобус Қушоқы ауылынан Қарағанды қаласына бара жатқан. Апат салдарынан оқиға орнында 28 жастағы жолаушы көз жұмды.

Тағы екі жолаушы автобус ішінде қысылып қалыпты – оларды құтқарушылар шығарып алды.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты
© Photo : ҚР ІІМ ТЖК
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты

Тоғыз адам, оның ішінде бір бала, әртүрлі жарақатпен Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді.

400
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, автобус, жол апаты, жүк көлігі, жолаушылар
Тақырып бойынша
Ресейде 17 жолаушы мінген қазақстандық автобус аударылды
Ресейде автобус пен пойыз соғылды: қазақстандық 7 жылға сотталуы мүмкін
Ресейде 46 қазақстандық мінген автобус апатқа ұшырады
Астана маңында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырады
Астанада 15 жастағы қызды автобус қағып өлтірді
Пожар возле лицей №60 в Сарыаркинском районе столицы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді видео

92
(Жаңартылды 20:33 24.09.2021)
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өрт елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 19.35-те өрт сөндірушілер Кенесары көшесі, 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы хабарламаға шығып кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр аумақта рубероид жабыны мен жиналған қоқыс өртеніп жатқанын анықталды.

Өрт сағат 19.49-да оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

92
Пациент қолы

Жамбыл облысында болған апат салдарынан екі адам көз жұмды видео

2041
(Жаңартылды 14:17 24.09.2021)
ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, отқа оранды. Салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 қыркүйекте түнгі уақытта болған.

Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы және Қошқарата тасжолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөлігі соқтығысып, өртенген.

Салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiкті басқаратын адамның көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жол апатының себебі анықталып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

2041
Кілт сөздер:
апат, адам
Тақырып бойынша
Алматы облысында екі полицей жол апатынан қаза болды – видео
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Шәйнек ұстаған атыраулық жол жөндеушілер желідегі жұртты күлдірді - видео
Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда ірі жол апаты болды - фото
Рөлде полицей отырған: Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды
Архивтегі фото

Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды

0
Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнімдерді эспорттау саласындағы қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдай келе, шикізат экспортын ұлғайту үкіметтің күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.  

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

Оның пікірінше, экспортқа қатысты кедергілерді жою, экспорттың географиясы мен номенклатурасын кеңейту, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау үшін бүкіл үкіметтің күш-жігерін жұмылдыру керек. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелері экспортты ілгерілету, нарықтарға жол ашу және кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарға белсенді атсалысуы қажет.

"Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауарлар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс", – деді мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

 Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.

0