Тұлпар-Тальго

"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр

4392
(Жаңартылды 12:38 11.02.2019)
Қоғам белсендісі Дана Смайылова пойыз жолаушысын екі жолсеріктің зорлағанын мәлімдеді

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Әйел зорлады деген айыптан кейін "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды 

Әйелдің пойызда зорланғанын қоғам белсендісі Дана Смайылова (Тансари) әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккен әйел "Не молчи.kz" қорына көмек сұрап келген. 

Смайылованың хабарлауынша, әйел жүрдек пойызбен ғылыми конференциядан үйіне қайтып келе жатқан. Ол купені ішінен жауып алып, ұйықтаған. Есікті қызметтік кілтімен ашқан жолсерік зорламақ болып жатқанда ол оянып кетеді. 

"Жолсерік арам ойын іске асырғаннан кейін шығып кетеді. Зардап шеккен әйел есеңгіреп жатқанда, екінші жолсерік кіріп, оның әлсіздігін пайдаланып зорлайды", — деп жазды Смайылова. 

"Жолаушылар тасымалы" кәсіпорындағылар қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. 

"Астана-Нұрлы жол – Ақтөбе" бағытындағы №97/98 пойызы жолаушысының шағымына қатысты аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Өз кезегінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ тергеуге жан-жақты көмек көрсетуде. Жолсеріктер сол күні-ақ тергеу аяқталғанша жұмыстан шеттетілді", — деді кәсіпорындағылар. 

Дина Смайылованың айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, ол психотерапевттердің бақылауында. 

4392
Кілт сөздер:
әйел зорлау, жолсеріктер, пойыз, тұлпар-тальго
Тақырып бойынша
Дәрігер операциядан кейін наркозда жатқан әйелді зорлап тастады
Ауылда 13 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін полицейлер жазаланды
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Такси жүргізушісі жолаушы әйелді зорлап, кейін үйіне жеткізіп салған
Қызылордада жасөспірімді зорлап өлтірген педофилдің отбасын ауылдан қуып шықты
Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткен сұмдықты айтып берді
Үш полицей әріптесін жабылып зорлады
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

4
(Жаңартылды 10:58 30.10.2020)
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

4
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю
Тақырып бойынша
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді – қызықты видео
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыс

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

44
Төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшы көз жұмды, тағы біреуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қазандық жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бейсенбі күні цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылған. Төтенше жағдай салдарынан ішінара цехтың шатыры құлады, өрт болған жоқ. Цехтің аумағы – 200 шаршы метр, ал апат орнының аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен техникасы жіберілді.

Тағы оқыңыз: Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, жарылыс салдарынан 1983 жылғы жұмысшы қаза болды. ТЖД қызметкерлері оны үйінді астынан алып шыққан. 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Жарылыстың алдын ала себебі – технологиялық өндірістің бұзылуы.

44
Кілт сөздер:
жарылыс, дәретхана, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Алматыда жиһаз цехы өртенді: жарылыс болды – видео, фото
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды