Оқиға

Қытайдың Гуанчжоу қаласында қазақстандық студент көз жұмды

© Photo : CC0 / wshantГуанчжоу
Гуанчжоу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтың көз жұмғаны туралы хабарды сыртқы істер министрлігіндегілер растады

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Қазақстандық студент қыз Қытайдың Гуанчжоу қаласында көз жұмды. Жас қазақстандықтың өлімі туралы хабарды Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер растады.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Америка түрмесінде жазасын өтеген қазақстандық студент елге оралды
"Қазіргі сәтте елшілік мәйітті Қазақстанға алып келу және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселесімен айналысып жатыр", — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, сыртқы саясат ведомствосындағылар оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта белгілі болатынын айтты.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда тағы бір қазақстандық студенттің өлімі туралы хабарланған еді. Ол кезде бойжеткен 14-қабаттан құлап көз жұмған. Қайғылы жағдай болған сәтте бойжеткен досының үйінде қонақта отырған. Осы іске байланысты Пәкістанның екі азаматы тұтқындалды.

Жаңалықтар
0