Оқиға

Қарағанды облысында әйел отырған кранның кабинасы құлап кетті

© Комитет по ЧС МВД РККран, архивтегі фото
Кран, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Краншы әйелді Құдай сақтап қалды, мамандар оны кабинадан шығарып алды

ҚАРАҒАНДЫ, 7 желтоқсан — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға жұма күні болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, өндіріс цехының ашық қоймасындағы кранның тіреуіштерінің бірінен ақау шыққан.

Апат кезінде кабинада цех қызметкері болған, ол құбыр тиеп жатқан екен. Ол әуеде ілініп тұрған кабинадан өздігінен шыға алмай, көмек күтуге мәжбүр болды. Видеолардың бірінде краншы секірейін бе деп сұрайды, алайда әріптесі тым биік екенін айтып, райынан қайтарады.    

"Комбинаттың тау-кен техникалық қадағалау және техника қауіпсіздігі департаментінің өкілдері шақырылды. Кабина демонтаждалды", — деп түсіндірді компания баспасөз қызметінің басшысы Алексей Агуреев.

Краншы әйелге кабинадан шығуға көмек көрсетілді. Ол аман-есен жерге түсті, оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Оқыс оқиғаның  басқа да мән-жайын баспасөз қызметі хабарламады. 

"АрселорМиттал" конвертор цехы мен әк күйдіру цехы арасындағы бұзылған құбырды жөндеуді жалғастырып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 10 қарашада "АрселорМиталл Темиртау" АҚ-ға тиесілі конвертор цехының аумағында газ құбырынан өрт шықты. Ол кезде де ешкім зардап шекпеген болатын, жарылыстың себебі әлі жарияланбады.  


Жаңалықтар
0