Эскалатор

Атырауда эскалатордан екі әйел мен бала құлап кетті

304
(Жаңартылды 18:56 11.12.2018)
Эскалатордың дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан егде жастағы әйел қолы мен аяғын ауыртып алды, сондай-ақ оның құлағы тілініп кеткен, ал екінші әйел аяғын жарақаттаған. Сонымен қатар үш жасар бала зардап шекті

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik.  Атырауда "Тамаша" сауда орталығына келушілер эскалатордан құлап түсті. Төтенше жағдай салдарынан екі әйел мен үш жасар бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады "Мой ГОРОД". 

Зардап шегушілердің туысының айтуынша, оқыс оқиға 8  желтоқсанда эскалатордың тұтқаларының бірі бұзылуы салдарынан болған.

Қарт әйел қолы мен аяғын жарақаттап алғаны белгілі болды, сондай-ақ оның құлағы тілініп кеткен, екінші зардап шегуші аяғынан жарақат алған.

"Сауда орталығының әкімшілігі орнында болмай шықты. Бізге демалыс күні болғандықтан олар дүйсенбіде келеді деп түсіндірді. Күзетшілер жедел жәрдем шақырды, облыстық ауруханада дәрігерлер егде жастағы әйелдің құлағын таңып берді. Алайда бірнеше сағаттан кейін қан кете бастап, ауруханаға қайтып баруға мәжбүр болды ", — деп жазды әлеуметтік желіде жәбірленушілердің туысы.

Сонымен қатар, сауда орталығының күзетшілері мен сатушылары мұндай оқиға алғаш рет емес екенін айтады. Бұған дейін басқа келушілер ақаулы эскалатордан зардап шеккен. Қызметкерлердің айтуынша, эскалатордың таянышы ұзақ уақыттан бері жұмыс істемей тұрған көрінеді. Тұтқаларға бұл жақтың таянышы жұмыс істемейтіні жөнінде ескерту жапсырмалар жабыстырылған. 

"Алайда барлық адам бұл жапсырмаларға назар аудара бермейді ғой, әлдекім оқи алмайды, енді біреудің қолында бала болуы мүмкін. Сауда орталығы қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жай ғана жапсырмамен шектелмей, едәуір нақты шаралар қабылдау тиіс. Немесе эскалаторды өшіріп тастасын, — деп толықтырды жасырын автор.

Сауда орталығының әкімшілігі оқиғаның болғанын растап, зардап шегушілерден кешірім сұрады.

 


304
Кілт сөздер:
оқыс оқиға, эскалатор, Атырау
Тақырып бойынша
Жас ана селфиге түсемін деп баласын өлтіріп алды – видео
"Жын ұрған" эскалатор адамды өлтіре жаздады – видео
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

24
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

24
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

627
(Жаңартылды 10:58 30.10.2020)
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

627
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю
Тақырып бойынша
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді – қызықты видео
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Ақорда ғимараты

Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

0
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына қажет болған жағдайда көмек көрсетуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

0