Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото

Қарағандыда базарда жүк көлігі жарылды видео

177
(Жаңартылды 09:32 26.12.2018)
Қызыл жалын басқа екі жүк көлігіне шарпыған, бір адам зардап шекті

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда "Шығыс" базарында MAN маркалы жүк көлігінің жанармай багы жарылды.

"Өрт 25 желтоқсан күні сағат 13:18-де шықты. Оның салдарынан Volvo және Scania жүк көліктеріне жалын шарпып, аздаған зақым келді. Өрт сағат 13:32-де ауыздықталып, алты минуттан кейін сөндірілді", – деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Жалынды сөндіруге жеке құрамның 23 адамы мен Қарағанды облысы ТЖД бес техниксы жұмылдырылды.  

Өртенген фураның жүргізушісін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. 

Өрттің салдын ала себебі – жанармай багын қыздыру. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін, сондай-ақ автокөліктерді жылыту үшін ашық от көздерін қолдануға болмайтынын ескертеді.  


177
Кілт сөздер:
Қарағанды, өрт, жүк көлігі, жарылыс
Тақырып бойынша
Ақтауда автокөлік жарылды: оқыс оқиға видеоға түсіп қалды
Оралда жатақханада газ жарылды
Қостанайда көліктер өртеніп, адамдар көз жұмды – видео
Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Пожар возле лицей №60 в Сарыаркинском районе столицы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді видео

127
(Жаңартылды 20:33 24.09.2021)
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өрт елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 19.35-те өрт сөндірушілер Кенесары көшесі, 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы хабарламаға шығып кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр аумақта рубероид жабыны мен жиналған қоқыс өртеніп жатқанын анықталды.

Өрт сағат 19.49-да оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

127
Пациент қолы

Жамбыл облысында болған апат салдарынан екі адам көз жұмды видео

2181
(Жаңартылды 14:17 24.09.2021)
ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, отқа оранды. Салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 қыркүйекте түнгі уақытта болған.

Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы және Қошқарата тасжолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөлігі соқтығысып, өртенген.

Салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiкті басқаратын адамның көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жол апатының себебі анықталып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

2181
Кілт сөздер:
апат, адам
Тақырып бойынша
Алматы облысында екі полицей жол апатынан қаза болды – видео
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Шәйнек ұстаған атыраулық жол жөндеушілер желідегі жұртты күлдірді - видео
Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда ірі жол апаты болды - фото
Рөлде полицей отырған: Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0