Жылап тұрған қыз

Шымкентте ерлі-зайыпты 3 жасар қызының балабақшада зорланғанын айтты

10715
(Жаңартылды 14:29 29.12.2018)
Жантүршігерлік оқиға Шымкенттегі балабақшада болған

ШЫМКЕНТ, 28 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте ерлі-зайыпты 3 жасар қызының балабақшада зорланғанын айтып, полицияға арызданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

3 жасар бүлдіршіннің әкесі (этикалық себептерге байланысты аты-жөні жазылған жоқ) Sputnik Қазақстан тілшісіне жаға ұстатарлық оқиғаның 25 желтоқсанда Шымкенттегі Қаратау ауданында орналасқан балабақшада болғанын айтты. 

Сол күні қызын балабақшадан үйіне әкелген анасы оның іш киімінен қан ізін байқаған. Баланың ата-анасы бірден полицияға шақырып, арызданған. 

"Келіншегім қызымның іш киімінен қан ізін көргенде, шошып кетті. Қызым оқиғаның қалай болғанын айтып жатыр. Ал балабақша қызметкерлері мұндай сұмдық болған жоқ деп, мұны баланың өзі құрастырып отыр дейді. 3 жасар қыз ондай нәрсені қайдан білсін?", — дейді ашынған әке.

Оның айтуынша, жантүршігерлік оқиға кезінде тәрбиеші жұмыс орнында болмаған. Қыздың ата-анасы полицейлермен бірге балабақшаға барып, бейнебақылау камераларының жазбасын тексеріп шығыпты.

"Балабақшаға орнатылған камерада қызымның тек жылап отырғаны көрініп тұр. Балабақша дәлізіндегі видеоларды көре алмадық", — дейді ер адам. 

Сол түні кішкентай қызды анасы дәрігерге алып барып, сот-медициналық сараптамадан өткізіпті. Сараптама қорытындысы бір ай ішінде дайын болады. 

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова аталған іс Қаратау аудандық полиция басқармасында тіркелгенін растады.

Қылмыстық кодекстің 124-бабы ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Қылмыстық кодекстің 201, 147-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді", — деді Сәденова. 

Айта кетсек, 3 жасар қыз ерлі-зайыптының ортаңғы баласы екен. Бұдан басқа тағы екі бала тәрбиелеп отыр.

10715
Кілт сөздер:
қызды зорлау, ата-ана, педофил, балабақша, полиция, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Абай ауылында баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті
10 жасар туған қызын аяусыз зорлап келген павлодарлыққа үкім шықты
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Ауылда 13 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін полицейлер жазаланды
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткен сұмдықты айтып берді
Көпқабатты үй, архивтегі сурет

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25-қабаттан секіріп кетті

1701
Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, көпқабатты үйдің ауласында екі адамның денесі жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында 18 жастағы жігіт пен 17 жастағы қыз 25-ші қабаттағы балконнан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қараша таңғы сағат жетіде қала тұрғыны полицияға хабарласып, 11-шағын ауданындағы №112 "В" үйінің ауласынан екі жас адамның мәйіті табылғанын айтқан.

"Тексеріс кезінде олардың бірі бұрын жоғалған 17 жастағы қыз екені анықталды. Екіншісі оның 18 жастағы досы болып шықты. Қыз бен жігіт 25-қабаттағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Полицейлер қаза болғандардың жеке затын тәркіледі. Суицид себептерін анықтау бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жасөспірімдер арасындағы суицидке, көп жағдайда, жауапсыз махаббат, ата-анасымен немесе құрдастарымен болған жанжал, жалғыздық себеп болып жатады.

1701
Кілт сөздер:
жігіт, қыз, Ақтөбе
Мұсылман қыз

"Көміп кетемін деді": Қаскелең тұрғыны ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын мәлімдеді  

1519
(Жаңартылды 16:45 23.11.2020)
Әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерін зорламақшы болды деп айыптаған қыздың видео үндеуі жарияланды. Жәбірленуші күдіктінің туыстары қоқан-лоққы жасап жатқанын айтады, ал тергеу жұмыстары созылып кеткен  

ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны Ая Өмірзақова зорлауға әрекеттену фактісі бойынша тергеу шаралары созылып кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қыз видеоүндеу жазып, оны өзінің Instagram парақшасында жариялады. Эмоционалды жазба әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айя Умурзакова (@aiya.umurzakova)

"Бұл қадамға бару оңай болмады, алайда үнсіз қалмауға шешім қабылдадым. Құзырлы органдардан, біздің биліктен маған көмектесуін және бұл істі бақылауға алуын сұраймын. Бәрі әділ болғанын қалаймын және осы істі объективті және жан-жақты тергеуге қол жеткізуді сұраймын",  - дейді жазба авторы.

Қыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өзін зорламақ болғанын жария етті. 12 қыркүйекке қараған түні ол жұмыстан қайтып келе жатып, жол-жөнекей көлік тоқтатқан. Айтуынша, жүргізуші оған шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорламақ болған. Қыз ер адамға қарсылық көрсетіп, зорлық-зомбылықтан әрең дегенде қашып құтылдым дейді.

"Қарсылық көрсеттім. Ол мені ұрып-соғып, орамалымды жұлып алды. Өлтіріп, көміп кететінін айтты", - дейді қыз.

Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар полиция шақырып, зорлықшыны қорқытып жіберген.  

Ол өзінің видео үндеуінде Қаскелең полицейлері бұл істі үш айдан бері тергеп жатқанын жеткізді. Ал күдіктінің туыстары оны қорқытып, алаяқтық жасады деп айыптауға тырысып жатқан көрінеді. Божеткен осы жағдайдан кейін жұмысынан айырылғанын, күйзеліске түсіп, психологтан көмек сұрауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда ер адам 25 жастағы қызды зорламақ болды 

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың полицияға шағымданғанын растап, тергеу жұмыстары бақылауда екенін хабарлады.

"Жәбірленушінің арызы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі  "Зорлауға  оқталу" бойынша тіркелген. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі. 

1519
Тақырып бойынша
Зеренді ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды
Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған адам қолға түсті
Жалақысын алуға барған: Алматыда ағайындылар үш баланың анасын зорламақ болды
"Айқайлама, айтқанымды істе!": Алматыда әншіге шабуыл жасалды
Бетперде таққан адам

 Қазақстанда өткен тәулікте 678 адам коронавирус жұқтырды

19
(Жаңартылды 08:31 24.11.2020)
COVID-19 солтүстік пен шығыста өршіп тұр. Олармен салыстырғанда, жылы өңірлер мен оңтүстік-батыстағы жағдай тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 678 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

COVID-19 солтүстік пен шығыста өршіп тұр. Олармен салыстырғанда, жылы өңірлер мен оңтүстік-батыстағы жағдай тұрақты.

Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облысында бір тәулік ішінде бірде-бір адамда вирус анықталмады.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 25
  • Алматы қаласы - 46
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 68
  • Ақтөбе облысы - 8
  • Алматы облысы - 20
  • Атырау облысы - 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 154
  • Жамбыл облысы - 14
  • Батыс Қазақстан облысы - 33
  • Қарағанды облысы - 15
  • Қостанай облысы - 70
  • Павлодар облысы - 108
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 105

Жалпы пандемия басталғалы 126 860 адам індетке шалдықты.

19
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады
Қостанай облысында ер адам бетперде үшін қамауға алынды – видео
Бес облыс "қызыл" аймаққа кірді: Мамин қандай тапсырма берді
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Пандемияға байланысты мейрамханалар бағытын өзгертуге мәжбүр