АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл түні Павлодар тұрғындары үшін қайғылы аяқталды. Он қабатты үйде сегіз жасар балаға иіс тиіп, көз жұмған.
Өрт шыққаны туралы хабар құтқарушыларға түнгі 02.11-де түскен. Павлодарда Ледовский көшесіндегі он қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 12 шаршы метр аумақ өртеніпті.
"Өрт 02:43-те ауыздықталып, 03:30-да толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру күштері 75 адамды эвакуациялап, үш адамды құтқарды. Өрт салдарынан үш тұрғынға иіс тиіп қалған", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем 43 және 67 жастағы қала тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал 2011 жылы туған қыз ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бірінші қаңтар күні Қарағандыда жеке тұрғын үйдегі өрттен кейін 58 және 62 жастағы адамдардың денелері табылған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екеуі де мас болыпты.
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматылық полицейлер қаруланған адамдардың ізінен қуып, біреуін ұстады. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.
23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті көлікті көріп қалды. Олар тексеріс жүргізбек болған кезде жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесінде тоқтатылып, ұсталды.
Жүргізуші мен екі жолаушы көлікпен шығып, полицейлерден қашты. Олар жола пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күдіктілердің біреуі қолға түсті. Екеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады полиция.
Олар қару мен өзге заттарды қайдан алғаны анықталып жатыр.
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде швед қарсыласынан жеңіліп қалды.
Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Амир Альбазиге берді.
"Тартысты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазиге есе жіберді", - деп хабарлады UFCRussia Instagram-да.
Осылайша Жалғас аралас жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бес кездесуін жеңіліспен аяқтады. Жұмағұлов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың жазында шықты. Ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайведен жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырған еді.Еске салсақ, UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш.