Шыныдағы жарықшақ, архивтегі фото

Полиция Астанадағы жылы аялдаманы сындырған адамды іздеп жатыр видео

449
(Жаңартылды 09:26 05.01.2019)
Полиция тұрғындардан заманауи аялдама кешенін қиратқан бұзақыны іздеуге көмектесуді сұрады

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Астана полициясы Байтұрсынов және Аманжолов көшелерінің қиылысындағы жылы аялдаманың шыны есігін сындырып кеткен жас жігітті іздеп жатыр.

Оқиға екінші қаңтарға қараған түні болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Қазір аялдаманың ішінде жазылған видео арқылы ер адамның кім екенін анықтап жатырмыз. Сотқа дейін тергеу жүргізіліп жатыр, іс-әрекет "Бұзақылық" бабы бойынша қарастырылуда", — деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова

Аялдама шынысын сындырған ер адамның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетін қала тұрғындары полицияның кезекшілік бөліміне хабарласа алады: 8 7172 972888, 972889.

Елорда әкімдігі сайтының мәліметінше, өткен жылы Астанада 55 жылы аялдама орнатылды.  


449
Кілт сөздер:
бұзақы, аялдама, Астана
Тақырып бойынша
Алматыда жүйке дертіне шалдыққан жігіт ағаштарды сындырып тастады
Бұзақы жасөспірімдердің саябақты ойран еткен сәті видеоға түсіп қалды
Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, адамдарды жарақаттады
Мектеп, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда жойқын жел мектеп шатырын жұлып әкетті 

68
(Жаңартылды 23:17 23.07.2021)
Қызылқоға ауылдық округіндегі Қарабау ауылында бір секундта 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған жойқын жел мектеп шатырына зақым келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күшті жел ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Мектеп 1978 жылы салынған. Білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ведомствода шатырдың жұлынуынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстанда бірнеше күннен бері дауылды жел тұрып тұр. Бір күн бұрын табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі бірнеше үй шатыры ұшып кетті. Жел секундына 25 метр жылдамдықпен ұйытқуда. 

Осы жылдың аққпанында Павлодар облысында жел екі мектептің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Ол төтенше жағдайда Ұзынбұлақ пен Шарбақты ауылдарындағы ғимараттарға зиян келді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.

68
Қабырға, үй

Оралда жартылай жалаңаш ер адам үй мен құбыр арасында кептеліп қалды фото

1081
Ер адам көп қабатты тұрғын үйдің бірінші және екінші қабаттары арасында кептеліп қалды. Не себепті ол жерге көтерілгені әзірше белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Оралдық құтқарушылар көпқабатты тұрғын үй мен газ құбырының арасында кептеліп қалған мас ер адамға көмектесті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мой ГОРОД (@moigorodkz)

Өңірлік "Мой город" порталының ақпараты бойынша оқыс жағдай 23 шілдеде таңертең жергілікті Зачаганск аулында болған. Оқиға орнына құтқарушылар жетті.

"Көп қабатты тұрғын үй мен газ құбырының ортасында, бірінші және екінші қабаттың арасында ер адам қысылып қалғаны туралы хабарлама таңғы сағат 06:13-те келіп түсті", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. 

Құтқарушылар жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде мас ер адамды шығарып алды. Ал өңірлік полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

1081
Кілт сөздер:
құбыр, үйлер, фото, Орал
Тақырып бойынша
Әйелі жалаңаш күйде кіріп келді: Zoom-да ыңғайсыз жағдай тағы қайталанды
Желіде ауладағы көліктердің үстіне секірген жартылай жалаңаш жігіттердің видеосы тарады
БҚО-да халық алдында тыр жалаңаш билеген қыз бен жігіт қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда велосипед мінген тыр жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалды
Алматыда жартылай жалаңаш ер адам жанармай бекетінің үстінде ессіз әрекет жасады – видео
Серік Теміржанов

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

0
Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

0
Кілт сөздер:
боксшы, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы