Қалмұханбет Қасымов

Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін ҚР ІІМ басшысы мен Армения елшісі кездесті

279
(Жаңартылды 09:55 10.01.2019)
Тараптар қылмыспен күрес саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы жөнінде пікір алмасқан

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Арменияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы жөнінде пікір алмасқан. 

"Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендігін мәлімдеді. Кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұл кездесудің өткізілуіне жаңа жыл түні Қарағандыда болған жұртты шулатқан кісі өлімі себеп. "Древний Рим" қонақтарының демалыс орнының жабылуына наразылығы салдарынан жанжал туындап, арты жаппай төбелеске ұласқан еді. Төбелес болған жерге досы қоңырау шалып шақырған 23 жастағы қарағандылық көз жұмды.

Тағы оқыңыз:

Дәл қазір төбелеске белсенді қатысқан сегіз азамат уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Соңғы мәліметтер бойынша Ресейде қашып жүрген тағы бір күдікті Нарек Гурурян ұсталды.

Қазақстандағы армян диаспорасы марқұмның отбасына көңіл айтты. Іске екі мемлекеттің үкіметі өкілдерінің араласуына тура келді.

279
Кілт сөздер:
мейрамхана, төбелес, Қалмұханбет Қасымов, Қарағанды
Тақырып бойынша
Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті – Армения азаматы
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Қарағандыдағы қанды оқиға: Күдіктінің қайда жасырынғаны белгілі болды
Қарағандыдағы қанды оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны анықталды
Қарағандыдағы қанды оқиға: ІІМ қашып жүрген күдіктінің бейнеүндеуіне түсініктеме берді
Арменияның үкімет басшысы Қарағандыдағы қанды оқиға туралы пікір білдірді
Қарағандыдағы қанды оқиға: Армения сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Есіктің сынған әйнегі, иллюстративті фото

Алматы облысында әйелді бір жасар қызының көзінше өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

1432
Әйелді өлтірді деген күдікпен марқұмның күйеуі мен оның танысы ұсталып, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысында 34 жастағы Светлана Ермошенконы бір жасар қызының көзінше өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әйелдің өлімі туралы ақпаратты құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялады. Ал марқұмның туыстары Светлананы өлтіруге күйеуі "тапсырыс берген" деп санайды.

Таңсәрінің жазуынша, кісі өлімі 13 қарашада Іле ауданында Қапшағай тас жолына жақын маңда адам аз жүретін жерде болған.

"13 қарашада күйеуі әйелі мен бір жасар қызын ертіп Қапшағай тас жолындағы "Магнум" дүкеніне азық-түлік алуға барған. Қайтар жолда ер адам дәрет сындырғысы келіп, жолдан 300-400 метр жерге барып тоқтаған. Ол қайтып келгенде әйелін өлтіріп кеткенін көрген. Бірден әйелінің анасына хабарласып, Светлананы өлтіріп кеткенін айтқан", – деп жазды НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы.

Марқұмның ата-анасының айтуынша, оқиғаға куәгерлер мен сол маңдағы жолаушылар ер адамның оқиға орнынан кетуіне жол бермей, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Ал көлік ішінен тоңазытқыш-сөмке мен балаға арналған тамақтың мол қоры табылған. Туыстары күйеу баласы кетуге дайындалған деп санайды. Оған жалғыз кедергі жұбайы Светлана болған.

Сондықтан да марқұмның туыстары әйелді кездейсоқ бір адамның өлтіріп кеткеніне сенбейді. Олардың айтуынша, ер адам үнемі әйеліне дөрекілік танытып, кішкентай қызын алып Ресейге кеткісі келетінін айтқан.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адамның ұсталғанын хабарлап, кісі өлтіру фактісін растады. Істі департамент басшылығы өз бақылауына алды.

"Кісі өлімі ашылды. Екі азамат ұсталды, бірі 37 жастағы Е. және 34 жастағы М. деген азамат. Олар аса ауыр қылмыс жасағанын мойындады. Күдіктілер қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге деректер тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Қазақстандық қылмыстық заңнамаға сәйкес, күдіктілердің екеуі де мүлкі тәркіленіп немесе мүлкі тәркіленбестен 15 жылдан 20 жылға дейін сотталады. Тіпті, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

1432
Кілт сөздер:
кісі өлтіру, қайғылы оқиға
Тақырып бойынша
Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды
Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты
Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті      
Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы
Үш адам мерт болды – Алматы облысындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат жарияланды
Поликлиника, больница, аптека, капельница, стационар, МРТ, детское отделение кабинет врача педиатр пациент врач анализы вирус

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: жансақтау бөлімінде тағы бір адам көз жұмды

309
(Жаңартылды 11:20 25.11.2020)
Өткен сенбі күні болған дәмханадағы жарылыс салдарынан екі адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ, 25 қараша — Sputnik. Астаналық аурухананың реанимациялық бөлімінде Halal Brothers дәмханасында газ жарылу салдарынан зардап шеккен 24 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы растады. Олар пациент ауруханаға ауыр жағдайда түскенін айтты.

"Оның миы зақымданған болатын. Ауруханаға түскен кезде №2 көпбейінді аурухана мен ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары тексерді. Жағдайы өте ауыр болды. Өкінішке қарай, емдеуге қарамастан, пациентті аман алып қалу мүмкін болмады", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Айгерім Ардақ.

Оның айтуынша, тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұған дейін дәмханада газ баллоны жарылу салдарынан бір адам қайтыс болғаны хабарланған болатын. 52 жастағы ыдыс жуушы көз жұмды.

309
Кілт сөздер:
газ баллоны, жансақтау бөлімі, дәмхана, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
"Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: полиция қылмыстық іс қозғады
Нұр-Сұлтандағы жарылыс: зардап шеккендерге қатысты тың ақпарат шықты
Теңге, доллар

Ұлттық банк теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

0
Инвесторлар коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан вакциналардың тиімділігі туралы хабарламаларды оң бағалап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Теңге қыркүйектен бері алғаш рет 422,87 теңгеге дейін нығайды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ұлттық валюта өткен күнмен салыстырғанда 1,79 теңгеге нығайды.

Ұлттық банктің 26 қарашаға бекіткен ресми бағамы – 422,87 теңге.

"25 қарашада биржада доллар теңгеге қатысты орта есеппен 422,90 деңгейінде саудаланады. Аптаның басынан бері ұлттық валютаның бағамы 5 теңгеден астам немесе 1,2%-ға нығайды. Теңгенің оң динамикасына қолайлы сыртқы конъюнктура, сондай-ақ экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы әсер етіп отыр", - деп атап өтті Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, инвесторлар коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан вакциналардың тиімділігі туралы хабарламаларды оң бағалап жатыр, бұл экономикалық белсенділіктің тез қалыпқа келу ықтималдығын арттырады. Сонымен қатар, билікті Дональд Трамп әкімшілігінен сайланған президент Джо Байденге ресми түрде беру процесінің басталуы тәуекел дәрежесін демеп отыр.  

Сонымен бірге нарықтар ФРЖ-нің бұрынғы басшысы Джанет Йелленді АҚШ қаржы министрі лауазымына тағайындау перспективаларына оң жауап береді, бұл қаржылық ынталандыруға байланысты болып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк қазан айында валюталық интервенция жүргізді 

Жедел вакцинация және отынға деген сұраныстың жедел қалпына келуі мұнай бағасын өсіруді қолдайды. Brent эталондық сұрыпты мұнайының әлемдік бағасы бірнеше күн қатарынан өсіп келеді және Азия нарықтарындағы бүгінгі сауда-саттық барысында наурыздың басынан бастап алғаш рет бір баррель үшін 48 доллар белгісінен асты. Осыған орай, Норвегия кроны мен Канада доллары сияқты шикізат елдерінің валюталары аптаның басынан бастап 1,3%-ке және тиісінше 0,6%-ке нығайды.

Сыртқы позитивтің әсерінен бөлек, осы апта салық аптасы болып қалады, бұның өзі нарықта валютаның ұсынысын едәуір күшейте түсті. Мысалы, 23 қараша күні биржадағы сауда көлемі 170 миллион долларға жетті, бұл – осы қарашада биржада тіркелген күндізгі орта көлемнен 1,5 есе көп дегенді көрсетеді.

"Дамушы елдердегі валюталар сыртқы нарықтағы жағдайларға мейілінше жақсы әсер етіп отыр. Апта басында оңтүстік африкалық ранд 1,3%-ке бекісе, Ресей рублі 1%-ке, Мексика песосы 0,3%-ке нығая түсті. Бұл жерде рубльдің өзі экспортерлердің тарапынан түскен салық есебінен нығайып отыр", - дейді Тұрсынханов.

Ал теңге сыртқы және ішкі факторлардың жайлылығынан, одан қалды тәуекел-сентимент пен нарықтағы энерготасымалдаушылардың позитивті жаңалықтарының және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан түскен көлемді салықтың арқасында бекіп тұр.

Бұл жерде мұнай бағасының көтерілуі – оны тұтыну деңгейін дер кезінде қалпына келтіруге себепші болып жататынын айта кету керек. Дегенмен АҚШ-тағы мұнай қорының есебі көрсетіп келгендей, тұтыну көлемі болжалды деңгейге көтеріле алмай отыр. Сол себепті, шынайы тұтынымның шамасына қарай көмірсутек бағасына да өзгерістер еніп тұруы мүмкін.

0
Кілт сөздер:
теңге, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк теңге бағамы неліктен өзгергенін түсіндірді
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Теңгенің айырбас бағамы біршама өсті: қазақстандық валютаға не әсер етеді?
Досаев теңге бағамына теріс әсер ететін факторды атады