Оқиға

Қостанайдағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам ажал құшты, балалар әл үстінде - видео

CC0 / Andy Kreyche / Жол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүк көлігі жеңіл автоны қағып, быт-шытын шығарған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғындары жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады.

Әл-Фараби көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Экс-полицейдің кесірінен Алматыда ірі жол апаты болды

Оқиға салдарынан зардап шеккен екі он жасар баланың өмірі үшін облыстық балалар ауруханасы дәрігерлері күресіп жатыр, деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы.

"Балалардың бірі жабық бассүйек-ми жарақатын алып, жағы сынған. Екінші бала жансақтау бөлімінде. Омыртқасына зақым келіпті. Оны ота жасауға дайындап жатыр", — деп мәлімет берді бас дәрігер Игорь Белобржицкий.

Жол апаты Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 155-ші километрінде болған: жүк көлігі жеңіл көлікке соғылып, быт-шытын шығарған. Жеңіл автода дене шынықтыру пәні мұғалімі Дмитрий Филатов пен оның досы ұлдарымен балықтан қайтып келе жатқан. 

Көлік апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0