Зорлық

Айдалада үш күн жүрген: 17 жастағы қызды екі жігіт жабылып зорлады

12833
(Жаңартылды 18:31 31.01.2019)
17 жастағы зорланған қыз айдалада үш күн жүріп үйіне жеткен

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik.  Екі жігіт жабылып зорлаған 17 жастағы қыздың тағдыры мен құқық қорғаушылардың заңсыз әрекеті туралы "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) айтып берді.

"Кеше #НеМолчиДетиKZ қоғамдық қорына қылмыстық іс келіп түсті: кәмелеттік жасқа толмаған қызды топ болып зорлаған. Оқиға кейіпкерлерінің аты-жөнін әдейі жазбай отырмыз, оның үстіне облыс басшылығы да істі бақылауға алған, тергеу барысындағы барлық құқық бұзушылықтар үшін айыптылар жауапқа тартылады деп үміттенеміз", — деп хабарлады Таңсәрі.

Қоғам белсендісі жариялаған видеоға жәбірленуші мен зорлады деген күдікке ілінген жігіттердің кездесуіне жол берген тергеуші әрекетінің салдары түсірілген.

Жәбірленуші психиатриялық сараптамаға келіп әрі тергеушімен кездесуге тиіс болатын. Ал тергеуші өзімен бірге екі зорлықшыны ертіп келіпті.

"Бәрі қас-қағым сәтте болды, бәріміздің зәре-құтымыз қалмады. Біз дәлізде тергеушіні күтіп отырғанбыз, ол қырық минутқа кешігіп келді. Бізбен амандасты да, психологтың кабинетіне беттеді. Артында аяқтарын алшаң басып екі күдікті келе жатыр. Қыздың түріне қарап, олардың кім екенін бірден ұқтық, ал анасы басында түсінбей қалды, оларды ешқашан көрмеген еді. Біз түсіндіріп едік, оның да үрейі қашты. Бала көз алдымызда бозарып, селкілдеп, жантүршігерлік күй кешті. Негізінде, қылмыстық істі жүргізуші тергеушілер жәбірленушіге психологиялық зардабы тимес үшін күдіктімен барынша кездестірмеуге тырысуы керек", — дейді Таңсәрі.

Тергеушінің ойланбай істеген әрекеті салдарынан қыз балаға психотерапевтің шұғыл көмегі қажет болған.

"Абырой болғанда, емханада жоғары білікті балалар дәрігері бар екен, ол жәбірленушіге бірден көмектесіп, терапия сеансын өткізді, қыздың қамқоршыларына ақыл-кеңес берді", — деп қоғам белсендісі болған жайтты баяндады.

Ол атап өткендей, мұның алдындағы тергеуде балалар психологы болмаған әрі видеохаттамасыз жүргізілген екен, бұл да баланың құқығын бұзу болып саналады.

Интернетте танысқан жігіттер зорлықшы болып шықты

Жәбірленуші – колледж студенті, үш жыл бұрын анасынан айырылып, жетім қалған. Қызды туыстары қамқорлығына алыпты.

Бұдан бұрын бойжеткен интернетте екі жігітпен танысып, достасады. Желі арқылы хат-хабар алмасып жүріп, ешқандай жамандықты сезбеген. Бір күні жігіттер жақынырақ танысу үшін ауылға қонаққа шақырады. Сол жерде қызды ұрып-соғып, жабылып зорлаған.

"Жас қызбен оңаша қалған екі ересек жігіт оны жабылып зорлаған. Бөтен ауылда жалғыз өзі, зорланған, үйден рұқсат сұрамай кетіп қалғаны бар, өзіне осындай қиянат жасауға "жол беріп қойды". (…)  Басына неше түрлі ой кіріп-шыққан. Көлік астына түсуден бастап болған жайтты анасынан жасырып қалуға дейін ойлаған. Бірақ бет-ауызы мен денесі көк ала қойдай. Демек, үйден қашып кетуі керек, көгерген жерлері жазылғанша, көзге көрінбей жүре тұруды жөн көрген. Сөйтіп жүргенде арада үш күн өтті. Содан кейін қаншама шақырым жаяу жүріп үйіне жетеді. Ол кезде оны полиция іздеп жатыр екен", — деп әңгімеледі Таңсәрі жәбірленушінің сөздеріне сүйеніп.

Зорланған қызды дәрігерлер қалай қарады

Бойжеткенді көрген қамқоршысы бәрін бірден түсініп, полиция шақырады. Олар бұл қоңырауды жедел жәрдемге бағыттаған.

"Жалғыз өзі келген жедел жәрдем фельдшері неге екені белгісіз кедергі келтіреді. Ол қыздың қамқоршы анасын жедел жәрдем көлігімен алып жүруден бас тартып, жәбірленушімен оңаша қалдыруды талап еткен, онымен жеке сөйлеспек болыпты. Бірақ әйел адам қызды жалғыз жібермей қойды. Ауруханада гинеколог қараған кезде, студент қыз зорланғанын айтып берген. Содан соң полицияға арыз беріпті", — дейді Таңсәрі.

Қамқоршыларға қызды тағы бірнеше тәуелсіз маманға қаратуға кеңес берген, соның бәрі сотта зорлықшылардың кінәсін дәлелдеуге қажет болады.

"Олар барған емханада, дәрігер дәлізге шығып жәбірленуші мен басқа науқастардың алдында "Алмаймын, сұрамаңыздар, қарамаймын!" деп айғайға басқан. Біздіңше, бұл жерде дәрігер ретінде ғана емес, адам ретінде де этиканы бұзып отыр. Сөйтіп, басқа дәрігерді тауып, ол басқа емханада қарап, тергеуге қажетті қорытынды жазып беруге келіскен", — дейді Таңсәрі.

Зорлықшылардың туыстары қысым көрсетті

Жәбірленушінің отбасына күдіктілердің ата-анасы зор қысым жасап, қоқан-лоққы көрсеткен.

"Бес рет келіп-кетіпті. Әуелі "үйлендірейік" деп, кейін ақша ұсынған. Содан соң өз ұлдарын өртейміз деп қоқан-лоққы көрсете бастаған. Бұл жайт та тергеушілердің назарынан тыс қалмайды деп сенеміз", — деп хабарлады Таңсәрі.

Сөз соңында Дина Смайылова айтқандай, жәбірленушінің отбасы әділ сот шешіміне үміт артады.

12833
Кілт сөздер:
тергеуші, қызды зорлау, күдіктілер
Тақырып бойынша
"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр
Үш полицей әріптесін жабылып зорлады
Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады
Туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам итінің арқасында ақталып шықты
Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады
Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады
Такси жүргізуші көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлады
Архивтегі фото

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

667
(Жаңартылды 15:43 27.10.2020)
Үй иесі жарылыс салдарынан күйіп қалды, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.   

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті – оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты.  

667
Кілт сөздер:
Павлодар, жарылыс, газ баллоны
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды
Сәбидің қолы

Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды

356
(Жаңартылды 14:30 27.10.2020)
Баланың қабағы ісіп кеткен соң анасы дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олар бәрі қалыпты жағдайда деп баланы үйіне жіберді, кейін оның жағдайы нашарлап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды. Анасының айтуынша, дәрігерлер баланы үйге жіберген. Кейін үйде жағдайы нашарлап кетті.

Анасы 23 қазанда баласымен ауруханаға барғанын айтты. Өйткені оның қабағы ісіп кеткен.

"Дәрігерлер тексеріп, сынама алды. Бәрі қалыпты жағдайда деп үйге жіберді. Медбике ауруханаға жатудан бас тартқаным туралы қағазға қол қоюымды сұрады", - деді Маргарита Ивлева Liter-ге.

Алайда дәл сол күні бала қатты мазасызданып, жылап, ерні көгеріп кеткен. Жедел жәрдем балалар ауруханасына жеткізді. Анализден соң қалалық аурухананың диагностикалық орталығына апарды.

"Ұлым аяғын ішіне басып қатты жылады. Дәрігерлер ешқандай процедура жасаған жоқ. Мен талап еткен соң ғана жансақтау бөліміне ауыстырды", - дейді анасы.

29 қазан күні таңертең бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұған дейін медицина қызметкерлері баланың жағдайы қалыпты екенін айтқан. Анасы УЗИ жасауды сұрағанда, дүйсенбі жасалатынын жеткізген. 

"Балам дүйсенбіге дейін көз жұмды. Үш дәрігер шығып, баланы құтқара алмағанын айтты. Қант көрсеткішінің күрт өзгеруі салдарынан миы ісініп кеткен", - деді анасы.

Оның айтуынша, баланың созылмалы сырқаттары болмаған.

Балқаш орталық ауруханасында қайғылы оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады.

"Баланың анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы баланың анасына хабарланады. Балаға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер қызметін тиісті дәрежеде атқармағаны анықталса, заңға сәйкес жазаға тартылады", - деді орталық аурухана әкімшілігі.

Тексеріске облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жұмылдырылады.

356
Кілт сөздер:
бала, аурухана, Балқаш
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда 4 бала ауруханада көз жұмды
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды
Алматыда арықтан жаңа туған сәби табылды
Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылады
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігер

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 29 адам қайтыс болды

0
(Жаңартылды 18:06 27.10.2020)
Өткен аптада ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – он сегіз науқас індеттен көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 19-25 қазан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Шығыс Қазақстан облысында – 18;

  • 1926, 1941, 1963, 1954, 1939, 1952, 1953, 1941, 1962 жылғы ер адамдар,
  • 1955, 1935, 1959, 1934, 1962, 1939, 1940, 1936, 1954 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 4;

  • 1940, 1955 жылғы ер адамдар,
  • 1937, 1945 жылғы әйелдер.

Алматы қаласы – 4;

  • 1963 жылғы ер адам,
  • 1962, 1947, 1949 жылғы әйелдер.

Атырау облысында – 2;

  • 1940, 1936 жылғы әйелдер.

Қостанай облысында – 1;

  • 1953 жылғы ер адам.

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 825 науқас қайтыс болды. Індет басталғалы республикада 110 684 адам вирус жұқтырған.

0
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс