Оқиға

Алматыда әйелге қарақшылық шабуыл жасалды: қылмыстың видеосы жарияланды

© AP Photo / Guillermo AriasСледователь на месте преступления, архивное фото
Следователь на месте преступления, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 ақпанға қараған түні 35 жастағы әйел қарақшылық шабуылға ұшырады

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Алматыда әйелді тонап жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Қалалық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.

Видеода белгісіз біреу әйелдің соңынан жүріп, арт жағынан тарпа бас салады. Ол жәбірленушіні есінен танғанша, қылқындырған. Осы кезде екінші адам пайда болып, әйелдің сөмкесін алып, сыбайласына келеді. Осыдан кейін шабуылдаған адам жәбірленушіні қарға жатқызып, сырт киімін шешіп алып кетеді.

Полицейлердің мәліметінше, 35 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл 15 ақпанға қараған түні жасалған. Әуезов ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша  тексеріс жүргізіп жатыр.

Қылмысты ашуға бағытталған кешенді шаралар жүргізетін жедел тергеу құрылды.

"Қылмыс ашылып, кінәлілер жазасын алады", - деп сендірді полицейлер.

Қарақшылық шабуыл кезінде жәбірленуші зардап шекпеген, дәрігерлерге көрінбеген. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.   

Жаңалықтар
0