аурухана

Тараздағы жарылыс: қаза тапқандардың саны үш адамға жетті

567
Сәрсенбі күні таңертең ерте Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Тараздағы көпқабатты үйден шыққан жарылыс салдарынан, соңғы деректер бойынша, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Бұған дейін екі адамның ажал құшқаны туралы айтылған еді. Бірнеше сағаттан соң үйінді астынан үшінші құрбанның денесі табылды. Зардап шеккен алты адам Тараз қаласының №1 ауруханасында ауыр халде жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең Тараздағы төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында жарылыс болды. Пәтерлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 1-3 қабаттар қирап қалады. Бастапқы деректер бойынша, төтенше оқиғаға газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Апат болған үйдің тұрғындары түгел эвакуацияланып, жақын жердегі мектепке орналастырылды. Оларға қажетті жағдай жасалып, психологтар көмектесіп жатыр.

Қайғылы оқиға туралы премьер-министр Асқар Мамин президентке шұғыл хабарлады. Мемлекет басшысы үкіметтік комиссия құруға тапсырма берген. Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен құрылған комиссия мүшелері Таразға аттанып кетті.

567
Кілт сөздер:
Тараз, жарылыс, құрбандар, зардап шеккендер
Архивтегі сурет

Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр

48
Полицейлер дәрігерлердің телефонын тәркілеп, жалған вакцина паспортын сатып алған адамдарды іздеуге кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Павлодар полициясы қолдан жасалған вакцина паспортын сатып алған адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мамыр айында қаладағы емханалардың бірінде төрт медицина қызметкері вакцинация паспорттарын қолдан жасағанын анықтады. Олар электронды деректер базасына жалған мәлімет енгізіп, паспорттарды үшінші тұлғаларға сатқан.

Барлығы 200-ден астам жалған вакцина паспорты тәркіленді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бапта төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полицейлер барлық жедел тергеу шараларын жүргізді. Дәрігерлердің хат алмасып, ақша аударылған ұялы телефондары тәркіленді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмыс орнында тінту жүргізілді. Техника мен құжаттар тәркіленді.

Тағы оқыңыз: Семейде жалған вакциналау паспортын жасағандар ұсталды – видео

"Павлодар облысының полиция департаменті жалған вакцина паспорттарын сатып алып, пайдаланып жүрген адамдарды анықтап жатыр. Оларға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіледі және 385-баптың 3-тармағы бойынша жалған құжатты қолданғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселе қаралады", - деді өңірдің полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Бұл баптың санкциясы – ірі мөлшерде айыппұл, 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейін қамауға алу.

48
Кілт сөздер:
Павлодар, вакцина, полиция, дәрігерлер
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Жалған вакцина паспортын сатып алған қазақстандық жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады
Алаяқтар жалған вакцина паспортын сату кезінде адамдарды қалай алдайды
өрт, көлік

"Қасақана өлтірмедім": Шымкентте кәсіпкерді өртеп жіберген ер адам сотта жылап жіберді

1097
(Жаңартылды 15:53 03.08.2021)
30 жастағы ер адам өз үйінде кәсіпкерді өлтірген. Сотталушы жалған құжаттар жасап, марқұмға жер сатпақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Шымкентте кәсіпкер Аваз Жаналиевті өлтірді деп айыпталған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Сотталушы сот үкімін айтатын кезде көз жасына ерік берді. Ол сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.

"Мен Аваз Жаналиевті қасақана өлтірген жоқпын ғой", - деді Азизбек Әлімбаев.

Сот айыпталушының іс-әрекетінде қауіп бар екенін атап өтті. Өйткені ол бұған дейін қарақшылық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы ер адам осы жылдың наурыз айында өз үйінде кәсіпкерді өлтірген болатын. Сотталушы марқұмға бизнес үшін жалған құжаттар жасап, жер сатпақ болған.

Кәсіпкер былықтың бетін ашқан кезде, араларында жанжал туындаған. Қолына түскен балтамен сотталушы Жаналиевке бірнеше соққы жасаған. Кейін жәбірленушінің көлігін алып, қанға малынған денені ешкім жоқ жерге апарған. Сотта анықталғандай, кәсіпкердің сол сәтте жаны үзіле қоймағаны белгілі болды.

"Денеден құтылу үшін қайтып барған кезде оның тірі болғанын көріп, жағып жібергенін өзі айтып отыр. Тергеу эксперименті сол кезде жәбірленушінің тірі болғанын көрсетті", - деп түсіндірді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самиддин Темірәлиев.

Сондай-ақ, сотталушы бизнесменнің ақшасын иемденіп алған. Марқұмның көлігінен 500 мыңнан астам теңгені жымқырып кеткен. Ал қылмыс кезінде сотталушының анасы үйде болғанын айтады.

"Төбемде Құдай тұр, қатысым жоқ. Мазам болмай, қан қысымым көтеріліп үйде жатқан едім", - деді сотталушының анасы.

Марқұм кәсіпкердің көлік жуу орындары болған. Арнайы техникасын жалға беріп келіпті. Артында әйелі мен 3 перзенті қалды.

1097
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев ішкі істер министріне карантиндік шараларға қатысты тапсырма берді

20
Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.      

Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елдегі криминогендік ахуал туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының жұмысы бойынша есеп берді.  

Министрдің айтуынша, бүгінде қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарып отыр. Соның нәтижесінде кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың саны азайды.

"Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады. Алайда интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар көбейген. Бұған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті", - дейді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына жалған вакциналау паспорттарын таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты ақпарат берілді. Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Тұрғымбаев жеке құрамның 96 проценті екпе алғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

20