Оқиға

Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып қаза тапты 

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөпқабатты үй
Көпқабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пеш - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда бір отбасындағы жеті адам уланып қалды

Қайғылы оқиға жұма күні кешкі уақытта болған.

"1 наурыз кешкі сағат 18:00-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында төрт қабатты тұрғын үйдегі екі пәтердің төрт тұрғыны газдан уланып қаза тапты", - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Жаңалықтар
0