Архивтегі фото

Астанадағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

329
Зардап шеккен екі адам әлі тілге келмеген, денелерінің 60-70% күйік шалған

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. №1 қалалық аурухананың дәрігерлері Астанада газ балонының жарылуынан зардап шеккендердің жағдайына қатысты түсініктеме берді. 

"Кеше кешке қарай бізге түскен екі адамның да жағдайы нашар. Оның бірі – ер, екіншісі – әйел адам. Атап айтқанда, олардың тыныс алу жолдары термоингаляциялық зақымданған. Денелерінің 60-70% күйік шалған (әйел - 70%, ер адам - 50%). Қазіргі уақытта оларды құтқарудың барлық жағдайы жасалып жатыр, ал басқалай болжам жасауға әлі ерте", - деді Травматология бөлімінің меңгерушісі Алексей Солод.

Сондай-ақ, дәрігер зардап шегушілердің әлі тілге келмегенін айтып өтті, деп хабарлады Елорда Инфо.

Еске сала кетейік, кеше Алаш тас жолы бойындағы "МолПродуктсервис" ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллон жарылған болатын.

Оқиға орнына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Астана қаласы ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов барды.

329
Кілт сөздер:
Астана, газ баллоны, жарылыс
Тақырып бойынша
Шымкенттегі жарылыс: дәрігерлер зардап шеккен тұрғынның қол-аяғын кесуге мәжбүр болды
Павлодарда бес қабатты үйде жарылыс болды: бір адам қаза тапқан
Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды - видео
Астанадағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды: зардап шеккендер бар - фото
Архивтегі фото

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

768
(Жаңартылды 15:43 27.10.2020)
Үй иесі жарылыс салдарынан күйіп қалды, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.   

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті – оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты.  

768
Кілт сөздер:
Павлодар, жарылыс, газ баллоны
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды
Сәбидің қолы

Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды

374
(Жаңартылды 14:30 27.10.2020)
Баланың қабағы ісіп кеткен соң анасы дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олар бәрі қалыпты жағдайда деп баланы үйіне жіберді, кейін оның жағдайы нашарлап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды. Анасының айтуынша, дәрігерлер баланы үйге жіберген. Кейін үйде жағдайы нашарлап кетті.

Анасы 23 қазанда баласымен ауруханаға барғанын айтты. Өйткені оның қабағы ісіп кеткен.

"Дәрігерлер тексеріп, сынама алды. Бәрі қалыпты жағдайда деп үйге жіберді. Медбике ауруханаға жатудан бас тартқаным туралы қағазға қол қоюымды сұрады", - деді Маргарита Ивлева Liter-ге.

Алайда дәл сол күні бала қатты мазасызданып, жылап, ерні көгеріп кеткен. Жедел жәрдем балалар ауруханасына жеткізді. Анализден соң қалалық аурухананың диагностикалық орталығына апарды.

"Ұлым аяғын ішіне басып қатты жылады. Дәрігерлер ешқандай процедура жасаған жоқ. Мен талап еткен соң ғана жансақтау бөліміне ауыстырды", - дейді анасы.

29 қазан күні таңертең бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұған дейін медицина қызметкерлері баланың жағдайы қалыпты екенін айтқан. Анасы УЗИ жасауды сұрағанда, дүйсенбі жасалатынын жеткізген. 

"Балам дүйсенбіге дейін көз жұмды. Үш дәрігер шығып, баланы құтқара алмағанын айтты. Қант көрсеткішінің күрт өзгеруі салдарынан миы ісініп кеткен", - деді анасы.

Оның айтуынша, баланың созылмалы сырқаттары болмаған.

Балқаш орталық ауруханасында қайғылы оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады.

"Баланың анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы баланың анасына хабарланады. Балаға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер қызметін тиісті дәрежеде атқармағаны анықталса, заңға сәйкес жазаға тартылады", - деді орталық аурухана әкімшілігі.

Тексеріске облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жұмылдырылады.

374
Кілт сөздер:
бала, аурухана, Балқаш
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда 4 бала ауруханада көз жұмды
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды
Алматыда арықтан жаңа туған сәби табылды
Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылады
Дауылды жел, ағаштар

Шығыс Қазақстанда дауылды жел мектеп шатырының жартысын жұлып кетті

0
Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің ғимараты жартылай шатырсыз қалды, 90 шаршы метр аумаққа зақым келген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына қарасты Көкжайық ауылындағы мектептің шатырын жел жартылай ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Ауылда желдің жылдамдығы секундына 17 метрге жеткен.

"Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің шатыры жартылай жұлынып, 90 шаршы метр аумаққа зақым келді. Ғимараттың жалпы ауданы 1 600 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Бұған дейін өңірде дабылды ескерту туралы алдын ала хабар таратылған.

Облыс тұрғындарына көлік құралдарын үлкен ағаштардың астына қоймауға, билбордтар мен басқа да құлауы мүмкін құрылыс нысандарынан, электр бағандарынан сақтануға кеңес берілді.

Сала мамандары азаматтарды төтенше жағдай болғаны туралы 112 нөміріне қоңырау шалып, хабардар етуге үндейді. Өйткені, мұндай әрекет қандай да бір қауіптің немесе қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Ал Қазгидрометтің хабарлауынша, 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Тіпті, кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

0
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, жел, дауыл
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Батпырауық 3 жасар баланы ұшырып әкетті - видео
Батыс Қазақстанда мектептер мен аурухананың шатырын жел ұшырып әкетті
Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті