Әйел жолдан өтіп барады

Омбыда қазақстандық студент көлік астына түсті

406
Қазір ауруханада жатқан 19 жастағы қыздың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз - Sputnik. Омбы қаласында 19 жастағы қазақстандық студентті көлік қағып кетті. Ол бағдаршам жасыл жанған кезде жолдан өтіп бара жатқан.

Жол апаты 23 наурыз күні таңертең 10:00 кезінде Красный Путь көшесіндегі "Городок Водников" аялдамасының маңында болды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Starlet көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан, деп хабарлайды жергілікті басылым.

"Қатты келіп соққаны сонша, көліктің алдыңғы терезесі сынған. Жедел жәрдем жақын маңда болғандықтан, зардап шеккен қыз аман қалып, №1 қалалықауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға видеотіркегішіне жазылып қалған жүргізушілердің хабарласуын сұраймыз. Мен оқиға куәгерімін", -деп жазады қала тұрғыдарының бірі.

Куәгердің айтуынша, оқиға орнына құқық қорғау органдары жарты сағатта жеткен. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

406
Кілт сөздер:
қазақстандық қыз, жол апаты, Омбы
Апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндіру машинасы

Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: дәрігерлер әріптестерінің жағдайын айтты

55
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлерге сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктен шыққан өртті сөндіруге тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Шымкент көшелерінің бірінде қос көліктің соқтығысуы салдарынан жедел жәрдемнің екі фельдшерінен бөлек тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Әріптестері санитар дәрігерлердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Зардап шеккендердің барлығы қажетті көмек көрсету үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты сәрсенбі күні таңертең Бәйтереков көшесінде болды, деп хабарлайды жергілікті otyrar.kz порталы.

Куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін. Өйткені, Toyota Camry жедел жәрдем көлігінің артынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі арықтан өтіп барып, тротуарға тоқтаған. Ал Toyota көлігі бірнеше рет аударылғанда, оның жүргізушісі салоннан ұшып кеткен.

Сау-тамтығы қалмаған жеңіл көлікте өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер өрт сөндіргіш құралдары арқылы тілсіз жауды сөндірген.

Оқи отырыңыз: Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

Қазіргі кезде тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қос көліктің жүргізушісі алкоголь немесе басқа тыйым салынған заттар бойынша медициналық тексерістен өтіп жатыр.

55
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, Шымкент, жол апаты
Тақырып бойынша
Дәрігерлер трактордың астына түскен қызды аман алып қалды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео 
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды
Олег Ганя

Педофил құрбанына айналған қыздың ағасы Қостанайдан табылды

77
Полицейлердің мәлімдеуінше, ол осы кезге дейін достарымен бірге болған. Қазіргі кезде оның жағдайы бір қалыпты, дансаулығы да жақсы

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қостанай облысында хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше күннен бері іздеуде болған Бағаналы ауылының 20 жастағы тұрғыны Олег Ганя табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан Олег Ганяны қала орталығынан, вокзал маңындағы аялдамадан тапты. Ол осы кезге дейін достарымен бірге болған. Оның жағдайы бір қалыпты, дансаулығы да жақсы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін педофил қолынан қаза тапқан 7 жасар Виктория Ганяның ағасы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оны іздеуге 60-қа жуық ерікті мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылған.

Еріктілер Олег Ганяны 2014 жылы кісі қолынан қаза тапқан Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін мәлімдеген.

Педофил құрбанына айналған бүлдіршін

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный–Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда 13 жастағы қыз жоғалды: полиция жауап алған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

77
Кілт сөздер:
табылды, іздеу шаралары, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Павлодарда Volkswagen Passat көлігіне отырған бойжеткен ізім-ғайым жоғалды
Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға кеткен қыз із-түзсіз жоғалды
Шымкентте жас ана мен омыраудағы сәбиі жазатайым оқиғаның құрбаны болды
Әйел мен оның екі баласы ежелгі әдет-ғұрыптың құрбаны болды
Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды
Аурухана, архивтегі фото

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты қазақстандық қайтыс болды

11
3200-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 287 бала бар, 117 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 287 бала бар.

"Стационарларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 пациент емделіп жатыр. 117 адамның жағдайы ауыр, ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бір тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті 

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада 268 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 174 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 840 адам қайтыс болды. 37 378 адам пневмониямен ауырып, 397 адам қайтыс болды.

11
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды