Вертолет Ми-8ПП

Қызылордадағы тікұшақ апаты: президент Тоқаев мәлімдеме жасады

2002
(Жаңартылды 23:43 27.03.2019)
Мемлекет басшысы қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз - Sputnik. Қызылорда облысында апатқа ұшыраған әскери тікұшақтың экипаж мүшелері қаза тапты, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

27 наурызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 13 адам болған. Тікұшақ 4 әскери тікұшақтан тұратын бөлімнің құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына бара жатқан. Министрліктің хабарлауынша, төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды, ал біреуі апат орнына қайтып оралды.  

"Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен министрліктің арнайы құрылған комиссиясы апат орнына жіберілді. Ол ішкі істер министрлігімен бірлесіп, оқиғаның себебін тергеуді бастады.  

2002
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, апат, тікұшақ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Бортта 13 адам болған: Қызылордада құлаған тікұшаққа қатысты тың мәлімет шықты
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

23
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

23
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

624
(Жаңартылды 10:58 30.10.2020)
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

624
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю
Тақырып бойынша
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді – қызықты видео
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Елжан Біртанов

"Экс-министр Біртанов ұсталды": мемлекеттік органдар ақпаратқа түсініктеме берді

0
(Жаңартылды 12:46 31.10.2020)
Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

"Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулқы сақтау министріне қатысты тергеу ақпараты 201-бапқа сәйкес жарияланбайды. Біз ақпарат беретін боламыз", - комитеттің баспасөз хатшысы.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

0