Скол әуе компаниясының Ми-8 тікұшағының апаты

"Құл-Мұхаммед пен Тұрлыханов та құлап еді" - Қазақстанда болған тікұшақтар апаты

3391
Кезінде генерал Сәт Тоқпақбаев, саясаткер Мұхтар-Құл-Мұхаммед, сондай-ақ кәсіпкер Қайрат Тұрлыханов мінген тікұшақтар апатқа ұшырап, абырой болғанда, олар аман қалған еді

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Кеше Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы құлап, оның ішіндегі оқу-жаттығуға аттанып бара жатқан әскерилердің барлығы көз жұмды.

Өкінішке қарай, мұндай қайғылы оқиға Қазақстанда аракідік орын алып жатады. Sputnik Қазақстан соның бір парасын еске түсіріп, назарларыңызға ұсынады.

2001 жылдың қаңтарында Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Министрің өзі аман қалғанмен, қасындағы бір офицер қаза тауып, бас штабтың ондаған офицері жараланған болатын.

Осы 2001 жылы тағы да Леңгір қаласында "Ми-8 МТ" тікұшағы құлап, бір адам қаза болған. Техника жекеменшік болғандықтан, бұл мәлімет БАҚ беттерінде кеңейтіліп айтылмады.

2008 жылы ақпан айында Қызылорда облысында төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы құлады. Ол кезде өңірдегі су тасқынының алдын алу үшін 15 адам көкке көтерілген. Оның ішінде сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, журналистер, шенеуніктер болған. Бес адам қаза тапқан еді ол апаттан.

2009 жылы Алматы облысында қорғаныс министрлігінің Ми-24 тікұшағы құлады. Абырой болғанда, экипаждың үш мүшесі аман, бірақ ауыр жарақат алған болатын.

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚК шекара қызметінің Ми-8 тікұшағы құлады. Тікұшақ шекара бұзған адамдарды ұстауға шыққан. Бұл апаттан 10 адам қаза тауып, үш адам жараланды

2010 жылы Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы құлады. Бортта болған сегіз адам қаза тапты.

2012 жылы тамыздың 22-сі күні Астана әуежайында Ми-17 тікұшағы құлады. Төрт адамнан тұратын әскери экипаж жаттығу үшін ұшқан. Құлаған әуе көлігі бөлшектеніп, өртеніп кетті. Экипаж апат орнында қаза тапты.

2012 жылы қарашаның 29-ы күні Алматы облысында жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағының қалдығы табылды. Тікұшақтың "Евро-Азия Эйр" компаниясына тиесілі екені анықталды. Әуе көлігі Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын бақылау үшін ұшып шығып, қарашаның 24-і күні Қытай шекарасына таяу, Көктұма және  Достық елді мекендерінің арасында жоғалды. Борттағы сегіз адам түгел опат болды.

2012 жылы желтоқсанның 25-і күні ҰҚК шекара қызметіне тиесілі Ан-72 әскери-жүк ұшағы Шымкент қаласының маңында апатқа ұшырады. Шекара қызметінің бастығы Тұрғанбек Стамбеков жұбайымен, өңірлік басқарма бастықтары, жалпы саны 27 адам ажал құшты. Шекарашылар Астанада құпия жиын өткізіп, оны Шымкентте жалғастырмақ болып бәрі бір ұшаққа отырған.

Тағы оқыңыз: Ішінде 157 адам болған ұшақ апатқа ұшырады

2017 жылы Аягөзде тікұшақ құлап, ішіндегі екі адамның бірі мерт болған. Кейіннен бортта Қайрат Тұрлыханов пен Айтқали Айтбаевтың болғаны белгілі болды.

2019 жылдың қаңтарында Алматы қаласында жекеменшік тікұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты.

3391
Кілт сөздер:
Мұхтар Құл-Мұхаммед, тікұшақ
Тақырып бойынша
Қызылорда облысында тікұшақ құлады
Қырғызстандағы тікұшақ апаты: Қазақстан альпинистерді қалай құтқарды?
Алматыда тікұшақ құлады – жантүршігерлік суреттер
Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті
Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты – оқиға куәгерлерінің видеосы
Төбелес, архивтегі сурет

Алматы әуежайында болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті

1563
(Жаңартылды 15:08 24.11.2020)
Алматы халықаралық әуежайының барында сөзге келіп қалған адамдар бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Алматы-Ақтау рейсінің мас жолаушысы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған. 

Оқиға 23 қараша күні Алматы әуежайының күту залында болды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы барда ұйықтап қалған. Бармен оятқан кезде ер адам ашуланып, жанжал туындады. Ол бардың арғы жағына өтіп, төбелесе бастаған. Мұндайды күтпеген қызметкер қашуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Медициналық тексеріс кезінде жолаушының орташа дәрежеде мас екені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицияда.

Оған сәйкес, 2 мың АЕК, яғни 5 556 000 теңге айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. 

Тексеріс жүргізіліп жатыр.

1563
Кілт сөздер:
видео, төбелес, әуежай, Алматы
Тақырып бойынша
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Алматы облысында түрмеде төбелес шықты
Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды
Елордадағы дәмханадағы жарылыс

"Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді

694
Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердегі терезе әйнектері шытынаған

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмхана жарылысына сол маңда орналасқан гүл дүкенінде жұмыс істейтін адамдар куә болған.

Газ баллоны жарылғаннан кейін гүл дүкенінің қызметкерлеріне жарақат алғандардың алғашқы легі жүгіріп барған. Кейбіріне сол жерде көмек көрсетілді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Олар жараланған, қаны сорғалап тұрды. Бұл өте қорқынышты болды, бастапқыда ештеңе түсінбедік. Дүрлігіп, шу болып, айғайлап, жылады. Иісі жаман түтін болды", - дейді астаналық Нұржайнар.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердегі терезе әйнектері шытынаған.

Взрыв в кафе в Нур-Султане
© Photo : МЧС РК
Дәмханада болған жарылыс

"Біз сол уақытта үйде болдық. Кенеттен қандай да бір тарсыл естілді, толқын секілді үйді шайқалтқандай болды. Содан кейін біраз уақыт өткен соң Шұбарда жеке тұрғын үйде жарылыс болғанын айтты", - деді Нұр-Сұлтанның Бәтима есімді тұрғыны.

Айта кетейік, қайғылы 21 қарашада болды. Түскі уақыт кезінде дәмхана ішінде ондаған қызметкер мен қонақтар болған кезде газ баллоны жарылды. Асхананың төбесі опырылып түскен, ішінде болған әйел апат орнында көз жұмды.

Апат салдарынан 34 адам зардап шекті, оның басым бөлігі – дәмхана қызметкерлері. Қазір 23 адам ауруханада жатыр.

Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр, бір науқастың жағдайы аса ауыр, екі адамның хәлі ауыр, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

"Тағы бір науқас травматология бөлімінде жатыр. Науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Бұл ер адам – дәмхана қызметкері. Қалған адамдар комбустиология бөлімінде (күйік бөлімі – Sputnik)", - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Төтенше жағдайлар департаменті дәмхана ішінен 35 газ баллоны шығарылғанын хабарлады. Оларды осындай көлемде сақтауға болмайды, дейді ведомство өкілдері.

Нұр-Сұлтан полициясы қылмыстық кодекстің 292-бабының екінші бөлігі "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Нұр-Сұлтан әкімдігі жарылыс салдарынан қайтыс болған әйелдің отбасына 1 миллион теңге төлеп, денесін Қызылордаға жеткізуге көмектесетін болды.

694
Кілт сөздер:
жарылыс
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

0
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

0
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей