Оқиға

"Есінен танғанша қылқындырды" - Алматы дүкендерін тонаған қырғызстандық ұсталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКүдікті ұсталды, архивтегі сурет
Күдікті ұсталды, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктіге Қырғызстанда іздеу жарияланғаны анықталды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда дүкен тонады деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алмалы аудандық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, Алматыда пәтер жалдап тұрған күдікті күнкөрісіне қажетті ақшаны ұрлық жолымен тапқан. Ол қаладағы дүкендердің бірінде ешкім жоқ кезді пайдаланып, сатушыға бас салған. 

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда дүкенді тонаған қарақшылар видеоға түсіп қалды
"Күдікті сатушыны есінен танғанша қылқындырған. Әйел сылқ ете түскенде, ол кассаға жүгіреді. Бірақ дүкеннің кассасында ақша болмай шықты. Содан ол жерде жатқан әйелдің қалтасын тінти бастайды. Қолына түскен ұялы телефонды сатып, керегіне жаратқан. Сатушы әйел аман, ол тек талып қалған"", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдібаев.

Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның хабарлауынша, қырғыз жігітінің өзге де қылмысқа қатысы бары анықталды

"Күдіктінің Медеу ауданында осыған ұқсас қылмысы дәлелденді. Зардап шеккендер мен оның қылмысына куә болғандардың мына телефондарға қоңырау шалуын сұраймыз: 254-46-12; 254-46-01 немесе 102", -  деді Меңдібаев.

Жаңалықтар
0