Теміржол

Атбасарда сенбілікте оқушы тоққа түсіп өлді: ҚТЖ ресми түсініктеме берді

410
(Жаңартылды 10:57 16.04.2019)
Мектеп оқушысы астық вагонының төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған   

КӨКШЕТАУ, 16 сәуір — Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Ақмола облысының Атбасар ауданында теміржолда болған трагедияға ресми түсініктеме берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚТЖ компания қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтағанын атап өтті.

 Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды
© Photo : предоставлено родственниками погибшего мальчика
"Теміржол стансасы сым қоршаумен қоршалған, қауіпсіздік ескерту белгілері бар. Үшінші жолда тұрған вагондар теміржол көлігіндегі дабыл нұсқаулығына сәйкес қоршалмайды және жол қызметкерлері күзетпейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына ол жақ қауіпті екені ескертілген.   

"2018 жылдың 20 қыркүйегінде Атбасар жол дистанциясының өкілі сынып сағаттарын өткізу кезінде оқушыларды теміржол көлігінде – қауіп төндіретін жерлерде балалардың жүріп-тұру ережесімен таныстырды", - деп қорытындылады ұлттық компания.

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде Ақмола жол бөлімшесінің Ирченко стансасында қайғылы оқиға болды. Мектеп оқушысы үшінші жолда тұрған астық вагонының төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған. Трагедия сенбілік өтіп жатқан күні мектептен 300 метр жерде болды. Мектептің өзі теміржолдан 40 метр жерде орналасқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан теміржол қозғалысы қауіпсіздігінің тәртібі және оны жүргізу ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, бұл баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

410
Тақырып бойынша
Телефонын ваннаға түсіріп алған жасөспірім ажал құшты
"Аузынан көбік ағып жатты". Шымкенттік қыз итін құтқарамын деп ажал құшты
Астанада тоқ соққан бала қолынан айырылды
Ақмола облысында оқушылар теміржолда ойнап жүріп, тоққа түскен
Астанаға пойызбен тегін жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды
Мектеп ауласында ойнап жүрген бала жазатайым оқиғадан екі қолынан айырылды
Алматыдағы бизнес орталық

Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

34
(Жаңартылды 16:44 19.10.2020)
Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматыда "Қаратал" бизнес орталығында ішінде не бар екені белгісіз сөмкеге байланысты 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Белгісіз сөмкенің кесірінен Алматы орталығындағы ғимараттан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Ғимаратта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды. 
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эвакуацияға бірінші қабатта белгісіз біреу қалдырып кеткен сөмке себеп болғанын айтты.

"Әйел сөмкені бірінші қабатта қалдырып кеткен. Сөмкеде қарапайым заттар болды. Біздің қызметкерлер барлығын тексеріп, сөмкенің иесін тапты. Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Айта кетейік, "Қаратал" бизнес орталығы Алмалы ауданында Шевченко көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

 

34
Кілт сөздер:
тұрғындарды эвакуациялау, Алматы
Тақырып бойынша
Көшеде жатқан көк сөмке шымкенттіктердің зәре-құтын қашырды
Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда Esentay Mall орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды
Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды
кісен

Қызының ағасы болып шықты: полиция дизайнердің өліміне қатысты түсініктеме берді

1578
(Жаңартылды 20:12 19.10.2020)
Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Алматы полициясы танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның (Bisen) өліміне қатысты бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, 18 қазанда түнгі сағат 02:00-ге қарай полицияға екі ер адамның арасындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адам даладағы төбелесті өзі тұратын пәтердің терезесінен көрген. Бас кезінде екі ер адам үйдің ауласында ұрсысып тұрған. Одан кейін төбелесе бастады. Сол кезде біреуі жерге сылқ ете түсті. Ал екіншісі қашып кеткен", - дейді қалалық полиция депаратментінің қызметкерлері.

Оқиға орнына барған жедел жәрдемнің мамандары жерде жатқан ер адамға көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ ол қайтыс болды.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған ер адам бірден ұсталды. Ол көз жұмған жігіт кездесіп жүрген қыздың туған ағасы болып шықты. Күдікті адам өлтіргенін мойындады. Оны жақтырмай жүргеннен кейін соққыға жыққанын да айтты", - деп хабарлады құқық қорғаушылар. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 18 қазанда белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Ол жайында оның достары әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

1578
Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

19
(Жаңартылды 21:50 19.10.2020)
Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар қорытындылары туралы есеп берілді.

Ғизат Нұрдәулетов президенттің қылмыспен күресті күшейту, құқық қорғау және өзге де органдардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін үйлестіру жөнінде жүктеген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен кезеңде елімізде қылмыс көлемі үш есеге жуық азайған. Ұрлық, қарақшылық шабуылдар, тонау және бұзақылық қылмыстары екі есе аз тіркелген.

Бас прокурор заңдылықты сақтауды қадағалау барысында прокурорлар сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша 63 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалаудың тоқтатқанын айтты. Сондай-ақ, тергеу мерзімін тоқтату және кейінге шегеру жөніндегі 17 мың заңсыз қаулының күшін жойғанын жеткізді.

Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жекелеген саладағы қызметін реттейтін  заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулердің нәтижелері бойынша прокурорлардың қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.

19
Кілт сөздер:
прокурор, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді
Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді
Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады