Оқиға

Ақтөбеде 20 оқушы мен бір мұғалім уланып қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тексеріс барысында мектептегі асхананың бірқатар санитарлық норманы бұзғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде №9 мектептің жиырма оқушысы мен шет тілінің мұғалімі іштері ауырып, ауруханаға түскен.

Төтенше жағдай оқу мекемесінде 19 сәуір күні болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінгендердің іші ауырып, жүрегі айнып, лоқсыған. Дәрігерлер оқушыларды тексергеннен кейін "өткір ішек инфекциясы" диагнозын қойды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында келіншек бес баласымен бірге уланып қалды

Алғашқы көмектен кейін зардап шеккендердің дені үйлеріне жіберілді. Қазір ауруханада тек екі оқушы ғана қалған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық, беті бері қарап келеді.

Тексерістің нәтижесі

Ақтөбе қаласы қоғамдық денсаулықты сақтау бөлімі басшысының орынбасары Айсәуле Оралбаеваның айтуынша, төтенше жағдай мұғалім мен оқушылардың мектеп асханасында тамақтанғанынан кейін болған. Ақтөбе әкімдігі балалар мен оқытушының нақты қандай тағамнан уланғанын әзірге хабарлаған жоқ. Алдын ала болжам бойынша жаппай улануға тоқаш пен шырын себеп болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жаппай уланудан кейін мектеп асханасын бірден тексерді. Белгілі болғандай, асхананы жалға алған кәсіпкер оқу мекемесінде сәуір айының басынан бері жұмыс істейді екен. Тексеріс барысында кәсіпкерде жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы жоқ екені анықталды. Мектеп әкімшілігінің кәсіпкерге қалай рұқсат бергені түсініксіз болып отыр.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды

"Кәсіпкерге қатысты шаралар қолға алынады. Жалға алушыға біздің қорытындысыз жұмыс істеуге рұқсат берген мектеп директорына шара қолдану үшін әкімдік пен қалалық білім бөліміне хат жаздық", - деді Оралбаева.

Сондай-ақ, тексеріс кезінде тағы бірқатар заң бұзушылық анықталған. Мәселен, асхананы жалға алған кәсіпкерде тағам жасау кезінде пайдаланылатын балық фаршы мен тауық етінің сапасын растайтын құжат болмай шығыпты.

Жаңалықтар
0