Ер адам

Көкшетауда ішіп алған мұғалім көлікпен жасөспірімді қағып кетті

350
Зардап шеккен жасөспірім Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылды

КӨКШЕТАУ, 14 мамыр – Sputnik. Көкшетау қаласы түбіндегі Красный Яр ауылында колледж мұғалімі көлікпен жасөспірімді қағып кетті. Белгілі болғандай, педагог бұрын да жол жүру ережесін бұзған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мазда" көлігінің жүргізушісі көшемен келе жатып, Нұрлы көш ауылына қарай бет алады. Ол жол шетінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен", - деп мәлімет берді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук.

Тағы оқыңыз: Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті - видео

Жаяу жүргінші – жасөспірім, Төтенше жағдайлар комитеті колледжінің студенті. Ол Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

"Жүргізуші - Красный Яр ауылындағы колледждің оқытушысы. Мас болған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Пинчук.

Айта кетсек, бұл мұғалім осындай жайтқа бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2018 жылы екі рет жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

350
Кілт сөздер:
жасөспірім, мұғалім, Көкшетау
Шахта, архивтегі фото

Қарағанды шахтасындағы төтенше жағдай: бір жұмысшы қайтыс болды

5479
Қайтыс болған жұмысшы 15 жыл бойы бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген. "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ұжымы мен басшылығы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"АрселорМиттал Теміртау" қайтыс болған адамның отбасына Қазақстан заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.

Николай Шадиров – бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі. Ол компанияның көмір департаменті "Спецшахтомонтаждегазация" басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15 жыл бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген.

Шахтадағы апат

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракциялары шығып кеткен. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болған.

Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинистің өзі шыға алмай қалған. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.

Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті 

Бұған дейін шахтада газ бен көмір атындысы кезінде екі адам зардап шеккені хабарланды.  

Аталған факті бойынша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

5479
Кілт сөздер:
шахта, Қарағанды
Тақырып бойынша
Ақтөбеде шахтада қаза тапқан кеншілер отбасына төленетін өтемақы көлемі белгілі болды
Қарағанды көмір шахтасында өрт сөндірушілер 5 күн бойы тілсіз жаумен күресті
Қарағанды облысында болған оқиғаның мән-жайы айтылды
Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты
Қарағанды шахтасындағы апаттың мән-жайы: кеншінің бірі әлі де іздестірілуде
Жедел жәрдем

Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті

820
(Жаңартылды 15:03 14.01.2021)
Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтасында метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысындағы көмір шахтасындағы апаттан кейін екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің ресми сайты.

"Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада газ бен көмір шығарылымы кезінде екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар облыстық медициналық орталықтың токсикология бөлімшесінде жатыр", – делінген хабарламада.

1969 жылы туған ер адам 14 қаңтар күні 03.33-те медицина мекемесіне жеткізілді. Пациентке токсикологиялық энцефалопатия диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты, орташа деңгейдегіге жақын, деді әкімдікте.

Екінші пациент 1997 жылы туған. Оған қойылған диагноз да токсикологиялық энцефалопатия. Сағат 03:35-те ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.

Шахтадағы апат

Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болғаны анықталды.

Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинисттің өзі шыға алмай қалды. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.

Аталған факті бойнша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

820
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты
Ақтөбеде шахтада қаза тапқан кеншілер отбасына төленетін өтемақы көлемі белгілі болды
Қарағандыда кеншілер ереуілге шықты
Қарағанды шахтасындағы апаттың мән-жайы: кеншінің бірі әлі де іздестірілуде
Индонезиядағы жер сілкінісі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

0
(Жаңартылды 19:49 15.01.2021)
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жерасты дүмпуі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.

Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

0
Тақырып бойынша
Тоқаев парламент отырысында қандай уәде берді – толық ақпарат
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Ауылға баратын әрбір жол толығымен жөнделеді – Тоқаев