Архив

Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил ұсталды

697
 Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде өтейді    

ШЫМКЕНТ, 31 мамыр - Sputnik. Түркістан облысының 35 жастағы тұрғыны баланы зорламақ болғаны үшін сотталды.

Алдын ала және сот тергеуі барысында 1984 жылы туған ер адам Түркістан қаласының түбіндегі ауылға ақша табуға келгені анықталды.

Кештердің бірінде ол спирттік ішімдік ішеді. Содан таңғы сағат 9-да мас күйінде серуендеуге шығып, аулалардың бірінде кішкентай қыздың жүргенін байқап қалған. Қаскүнем ашық қалған есіктен аулаға кіріп, қызды сарайға ертіп әкеледі. Мұнда ол баланы зорламақ болады, бірақ үлгермеген – сарайға қыздың әпкесі кіріп келген. Жартылай жалаңаш ер адам қашып шығады. Әйел оның соңынан қуып келе жатып, көршілерін көмекке шақырған. 

Нұр-Сұлтанда "сантехник" 9 жасар қызды зорлап кетті

Көршісінің жан дауысын естіген ауыл тұрғындары жігітті ұстаған. Әйел шын мәнінде не болғанын айтпағандықтан күдіктіні ешкім ұрып-соқпаған. Ауыл тұрғындары оны жергілікті полиция бөліміне жеткізді.

Баланың әпкесінің мәлімдемесінен кейін Қылмыстық кодекстің 24 және 120-баптары (әдейі жас баланы зорлауға әрекет жасау) бойынша күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты істі қарап, айыпталушының кінәсін дәлелдеді. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, ол ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Оның сот шешімін апелляцияға беруге мүмкіндігі бар.

697
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, педофил
Тақырып бойынша
Астанада 13 жастағы қызға тиіскен педофил ұсталды
Он үш жастағы қызды азаптап, зорлаған педофил ерлі-зайыпты 100 жылға сотталды
5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Түркістан облысында алғаш рет педофил піштіріледі
Тапаншамен ату

Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

1903
(Жаңартылды 10:35 20.10.2020)
Атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында жүргізілген арнайы операция кезінде полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атылып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Ішкі қауіпсіздік қызметіне полиция өкілдерінің есірткі жинап, оларды сату үшін Құмөзек аймағына баруы жоспарланып отыр деген ақпарат түскендіктен, арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлерімен бірлесе операция жүргізеді. Сондықтан да күдіктілердің жолын бөгеу үшін Шу – Тараз тас жолын жауып, олар мінген көлікті тоқтатуға әрекет жасалған.

Алайда, атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынуға тырысады. Сондай-ақ, олар өз әріптестерінің ескертулеріне құлақ аспаған соң, қуғыншылар көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

"Үш күдіктінің екеуі атыс қаруынан жарақат алып, біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Жараланғандардың бірі ауруханаға жеткізілсе, тағы бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында браконьердің әкесі инспекторларға оқ атты

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 297-бабы – есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын алу, сату, сақтау немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындап, өңдеп, тасымалдағаны үшін;

345-бабы – көлік құралдарын басқаратын адамдардың жолда жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін;

362-бабы – қызметтік өкілеттік пен билікті асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырады.

1903
Кілт сөздер:
полицейлер, шу, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Алматы саябағына жас жігіт қаруланып келіп, оқ атты
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды
Ұлы көз жұмды: белгісіз біреу қала орталығында депутаттың көлігіне оқ атты
Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты
Алматыдағы бизнес орталық

Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

64
(Жаңартылды 16:44 19.10.2020)
Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматыда "Қаратал" бизнес орталығында ішінде не бар екені белгісіз сөмкеге байланысты 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Белгісіз сөмкенің кесірінен Алматы орталығындағы ғимараттан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Ғимаратта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды. 
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эвакуацияға бірінші қабатта белгісіз біреу қалдырып кеткен сөмке себеп болғанын айтты.

"Әйел сөмкені бірінші қабатта қалдырып кеткен. Сөмкеде қарапайым заттар болды. Біздің қызметкерлер барлығын тексеріп, сөмкенің иесін тапты. Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Айта кетейік, "Қаратал" бизнес орталығы Алмалы ауданында Шевченко көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

 

64
Кілт сөздер:
тұрғындарды эвакуациялау, Алматы
Тақырып бойынша
Көшеде жатқан көк сөмке шымкенттіктердің зәре-құтын қашырды
Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда Esentay Mall орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды
Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады