Оқиға

Арыстағы жарылыс: тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр - видео

© Скрин видео bild/YouTube Мощный взрыв произошел в Арыси
 Мощный взрыв произошел в Арыси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындарын орналастыру үшін Шымкентте 15 бекет ашылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Арыстағы әскери бөлім қоймасында болған жойқын жарылыстан соң тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның оңтүстігіндегі қалада дүйсенбі күні 09.20-да бірнеше жарылыс болған.

Жарылыстан кейінгі шараларды төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр. Өңірдің төтенше жағдайлар баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкентте 15 құтқару бекеті ашылған, адамдар шұғыл түрде сонда жеткізіледі.

Тұрғындардың алғашқы легін алып кету үшін 40 автобус аттанды. Арыс халқының саны - шамамен 43 мың адам.

Тұрғындарды эвакуациялау туралы мәліметті 8 (7252) 44-34-72 нөмірі арқылы білуге болады.

Жаңалықтар
0