Оқиға

Арыстағы төтенше жағдай салдарынан жолаушылар пойызы кідіруде

© Sputnik / Тимур БатыршинТемір жол
Темір жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы барлық ақпаратты 105 телефоны арқылы білуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты "Шымкент –Арыс –Темір" жол учаскесінде пойыздар кестеден кешігетінін хабарлады.

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ға қарасты барлық мекеме осы жол торабында қатынайтын жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шаралар қабылдауда.

"Пойыздардың кешігетіні туралы ақпарат вокзал кешендеріне беріліп жатыр. Сондай- ақ барша ақпаратты 105 бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан түсіністік танытуын сұрайды", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Арыстағы жарылыс

Дүйсенбі Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Ауруханаға он шақты адам жеткізілген, олардың үшеуі ауыр халде жатыр

Тағы оқыңыз: Шымкент ауруханасына Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жеткізіле бастады

Арыс тұрғындары шұғыл түрде Шымкент қаласына көшіріле бастады. Қалада 43 мыңға жуық халық тұрады. 

Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Оқиға орнына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жетті. 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай орнында жұмыс істеп жатыр.  

Жаңалықтар
0