Елордалық таңдаулы тұрғын үй өрттен кейін қандай күйге түсті  – фотодерек

124
(Жаңартылды 15:48 10.07.2019)
Sputnik Қазақстанның фототілшісі Нұр-Сұлтандағы "Британ орамы" элиталық тұрғын үй кешенінің қазіргі көрінісін суретке түсірді 
Британ орамы  тұрғын үй кешеніндегі өрттен кейінгі жағдай
© Sputnik / Абзал Калиев

Жалыннан шатыр мен ғимараттың мансарда қабатындағы бірнеше пәтерге қатты зақым келген.

Ситуация после пожара в ЖК Британский квартал
© Sputnik / Абзал Калиев
Өрттен шатыр мен ғимараттың мансарда қабатындағы бірнеше пәтерге қатты зақым келген

Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиға орнында "жедел жәрдем" мен өрт сөндірушілер жүр.  

Ситуация после пожара в ЖК Британский квартал
© Sputnik / Абзал Калиев
Төтенше жағдай орнында "жедел жәрдем" кезекшілік жасап жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке шатырда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған. Қызыл жалын 600 шаршы метрге шарпыған. Оны сөндіруге үш сағаттан астам уақыт кеткені хабарланды.

Ситуация после пожара в ЖК Британский квартал
© Sputnik / Абзал Калиев
Өртті 3 сағаттан астам уақыт сөндірді

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Пәтер иелері қонақүйлерге орналастырылды, одан әрі олар жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй кешені ретке келтірілгенше сонда тұрады.  

Ситуация после пожара в ЖК Британский квартал
© Sputnik / Абзал Калиев
"Британ орамы" таңдаулы тұрғын үй кешені өрттен кейін осындай күйге түскен
124
Кілт сөздер:
тұрғын үй, Нұр-Сұлтан, фото, өрт
Тақырып бойынша
Арыста тағы оқ-дәрі жарылды
Түркістан облысында әскери бөлім маңынан өрт шықты
Нұр-Сұлтанның аспанын қара түтін басты – өрттің видеосы
Алматыда жеке тұрғын үй мен үш көлік өртке оранды - видео
Медицина, қағаз

ҰҚК жалған анықтама сатқан емхана қызметкерлерін ұстады

59
Тергеу барысында директордың орынбасары мен медициналық мекеменің бас дәрігерінің дәрігерлік-консультациялық комиссияның жалған қорытындысын 5 мың теңгеге сатқаны анықталды

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке медициналық емхананың карантин кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз өтуі үшін жалған анықтама сатқан екі қызметкерін ұстады.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шаралары барысында медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге үшін жалған дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындыларын азаматтарға сатып отырған, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланған.

"Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы (жалған құжаттарды,мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 2,8  миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

59
Кілт сөздер:
анықтама, емхана, ҰҚК
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
Атырауда емхана басшылығы дәрігерлерден ақша жинағаны әшкере болды
ҰҚК "Боратқа" қатысы бар қылмыстық топты ұстады – видео
"Көміп кетемін деді": Қаскелең тұрғыны ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын мәлімдеді  
ҰҚК қызметкерлері душар болған қайғылы жағдай туралы ақпарат шықты
Адамның қолы

Шымкентте ер адамның бассыз денесі табылды

699
(Жаңартылды 09:24 26.11.2020)
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша — Sputnik. Жантүршігерлік оқиға Шымкенттегі саяжай аумағында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 8 қараша күні таңертең болған. Бұталардың арасында ер адамның бассыз денесі табылды, деп жазады жергілікті Otyrar.kz басылымы. Полицейлер бірден аумақта тексеру жұмысын жүргізді. 

"Мәйітті тауып, полицейлер фото және видео түсірді. Біздің ауданда қылмыс болмайтын. 20 жыл ішінде қылмыс жасалғанын естіген жоқпын. Полиция жедел қызмет етті, көмектескені үшін алғыс білдіреміз", - деді "Қайнар-Бұлақ" саяжай ауданының тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Тергеу оқиғаның мән-жайын айтпай отыр. 2001 жылы туған күдікті ұсталғаны хабарланды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады.

699
Тақырып бойынша
Шымкентте туған әкесінен жүкті болған 15 жасар қыз босанды
Терезеден секіріп кеткен: Шымкентте қыз алып қашқан жігіттің үстінен іс қозғалды
Шымкентте ер адам 11-қабаттан құлап кетті
Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
кітапхана

Қазақстан кітапханаларында электронды кітаптарды ақшаға жүктеу ұсынылды

0
Сенатор кітапханалар мен мұрағаттар мәселесін көтерді, олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп кітапханаларда электронды кітаптарды жүктеуді ақылы етуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың айтуынша, ұлттық кітапханалар мен мұрағаттарда құжаттар мен жазбаларды сақтау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ал көне жазбаларды санитарлық нормаларға сай сақтамаса, көзге көрінбейтін әртүрлі паразиттер жеп қояды. Мұндай жағдайда түпнұсқаларды келешек ұрпаққа жеткізу қиындайды.

"Eлордадағы Ұлттық архивке қарасты қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын алайық. Орталықтың қолжазбалар мен сирек кітапты сақтайтын жері өте тар. Қор көбейген сайын, ғимаратқа сыймай барады. Орталықтың ғимараты еуропалық талаптарға мүлдем сай емес. Көрермендерге арнап дайындаған көрмесі де өте кішкентай", - деді Жүсіп премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, кітапханаларды цифрландыру сапасы да сын көтермейді.

"Шет елдердегі архив, кітапханалар өз қорларын түгел цифрландырып жатыр. Ал бізде көпшілігінің цифрландыру сапасы өте төмен. Цифрландырылған сирек қолжазбалар мен кітаптардың оқылуы қиын. Көшірменің сапасы да нашар, жүктеп алуға келмейді. Сондықтан кітаптардың оқылымын тегін етіп, бірақ жүктеуін ақылы етер болса, бұл олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берер еді", - деп санайды депутат.

Ол елімізде реставрация саласы да дамымағанын тілге тиек етті. Нұртөре Жүсіптің пікірінше, реставраторларды арнайы даярлау ісімен бірге, олардың денсаулығына да көңіл бөлінуі тиіс. Себебі қолжазбамен жұмыс істеу, оны реставрациялау денсаулыққа зиянды.

0
Кілт сөздер:
кітапхана