Оқиға

Алматыда жолаушы қыз автобустан ұшып түсті: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты

© Photo : пресс-служба акимата АлматыАлматы автобусы
Алматы автобусы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлік жолаушылары жүргізушінің кінәлі емес екенін айтады

АЛМАТЫ, 24 шілде  — Sputnik. Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасында №422 автобуста болған оқиғаны түсіндірді. Бұл көліктен қыз түсіп қалған болатын. Жүргізуші кінәлі болмаса да, автопаркте қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдай 23 шілде күні болған. 

Жүргізушінің айтуынша, ол Алматы-1 темір жол вокзалынан Ашыбұлақ елді мекеніне бет алған. Сол кезде жолаушы қыз автобусты тоқтатуды сұрапты. 

"Өзінің аялдамасынан өтіп кеткен жолаушы көлікті тоқтатуды өтінді. Жүргізуші оң жақ жолаққа өтіп, көлік тоқтаған соң, есік ашқан. Куәгерлердің айтуынша, қыз телефонға үңілген қалпында баспалдаққа басып шықпақ болған. Алайда көліктен ұшып түсті", - деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасы. 

Жүргізуші оқиға орнынан кетпей, полицейлерді күткен. Олар куәгерлерден оқиғаның мән-жайын сұрады. Жолаушылардың бәрі жүргізуші кінәлі емес екенін айтқан.

"Жедел" ЖШС-дегілер оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тиісті шара қолданылатын болады.

Жаңалықтар
0