Әйелдің сұлбасы, архивтегі сурет

Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді

9562
Адвокат Айман Омарованың айтуынша, трансгендер мен қылмыс куәгері қысымға ұшырауы мүмкін

АЛМАТЫ, 26 шілде — Sputnik. Алматы облысындағы "Жауғашты" колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікқожаева зорланды. Оның адвокаты Айман Омарованың айтуынша, трансгендер биыл 19, 20 және 24 шілдеде зорланған көрінеді.

"Қазір Іле ауданының ішкі істер бөлімі ҚК 121-бабы 2-бөлімі 4-тармағы "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Меніңше, Виктория мен қылмыс куәгеріне қысым көрсетілуі мүмкін", - деп мәлімдеді Омарова Sputnik Қазақстан тілшісімен әңгіме барысында.

Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Викторияны зорлаған ер адам түзету мекемесіне жазасын өтеушілермен жұмыс істеу үшін келіп тұрады. Ол терроризм және экстремизмге қатысты қылмыс үшін сотталғандармен жұмыс істейді. Зорлықшы психологпын деп танысып, қызды кабинетіне шақырып отырған", - дейді Омарова.

Тағы оқыңыз: Трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды

Адвокаттың айтуынша, қыздың зорланғанына жейдесінде қалып қойған биоматериал іздері дәлел бола алады.

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, алайда ведомство толығырақ мәлімет бере алмайды.

Виктория Берікқожаева (жынысын ауыстырғанға дейін – Кәрім Берікқожаев) 2016 жылы 20 тамызда алматылық дәмханалардың бірінде жәбірленушіден он мың доллар алып жатқан кезде ұсталды. Тергеу анықтағандай, Виктория басқа трансгендерді бопсалап, жынысын ауыстырғаны туралы бәріне жайып саламын деп қорқытқан. Жәбірленуші полицияға шағым түсіріпті.

2017 жылдың наурызында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық соттың судьясы Қасым Қалмағамбетов Виктория Берікқожаеваны жеті жылға соттап, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.

9562
Кілт сөздер:
адвокат, зорлау, трансгендерлер
Тақырып бойынша
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
"Асырайтын ерім бар". Жынысын ауыстырғысы келетін жігіт қалай күн көретінін айтты
Трансгендерлер Сауд Арабиясына қажылыққа барғалы отыр
Алматыда сотталған трансгендер әйелдер колониясына жіберілмек
Алматыда екі трансгендер cоттасуда
Зорлық зомбылық

Анасы үйде болмаған: Алматы облысында ер адам 13 жастағы қызды зорлап өлтірді

5143
(Жаңартылды 16:33 24.07.2021)
Полиция жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен қыздың анасының сүйіктісін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматы облысында ер адам аса қатыгездікпен он үш жастағы қызды өлтірді. 47 жастағы күдікті – баланың өгей әкесі.

Қылмыс жасалған ғимараттың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

Адам өлімі 23 шілде Талғардағы жатақханалардың бірінде тіркелді. Зорлық-зомбылық және тұншығу белгілері бар қыздың денесін анасы тауып алды. Әйел таңертеңнен қызына қоңырау шалған, алайда ол телефон тұтқасын көтермеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Полиция ақпаратты растады. Олардың мәлімдеуінше, әйелмен бірге тұрған 47 жастағы ер адам баланы зорлап, өлтірді деген күдікке ілінді.

"Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, Алматы аумағында ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың 70%-тен астамын балалар сенетін немесе тәуелді болатын жақындары жасайды. Олар әкесі, анасының сүйіктісі, өгей әкесі, туысқандары, көршілері, таныстары. Мұндай қылмыстар көбіне үйде жасалады, сол себепті олардың алдын алу қиын, деді ведомство.

5143
Кілт сөздер:
қылмыс, зорлау, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірімді 8 жастан бастап бөлесі зорлап келген: қыздың анасы күдіктіні қорғап отыр   
Әкесі бір жыл бойы туған қызын зорлап келген: оқиғаның мән-жайы
Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма – Әсел Айтбаеваның әкесі
Такси жүргізушісі жолда ұйықтап қалған әйелді зорлап тастаған
Мектеп, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда жойқын жел мектеп шатырын жұлып әкетті 

248
(Жаңартылды 23:17 23.07.2021)
Қызылқоға ауылдық округіндегі Қарабау ауылында бір секундта 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған жойқын жел мектеп шатырына зақым келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күшті жел ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Мектеп 1978 жылы салынған. Білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ведомствода шатырдың жұлынуынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстанда бірнеше күннен бері дауылды жел тұрып тұр. Бір күн бұрын табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі бірнеше үй шатыры ұшып кетті. Жел секундына 25 метр жылдамдықпен ұйытқуда. 

Осы жылдың аққпанында Павлодар облысында жел екі мектептің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Ол төтенше жағдайда Ұзынбұлақ пен Шарбақты ауылдарындағы ғимараттарға зиян келді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.

248
Жігіт пен қыз орындықта отыр

"Клиенттерінің күйеуінен бала туады": Ақтөбеде ер адам өз ұлының анасына жала жапты

0
Сот әлеуметтік желіде жанайғайын жеткізген Ақтөбе тұрғынына ірі мөлшерде айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Ақтөбеде сот өз ұлының анасын басқа отбасыларды ойрандайды деп айыптаған ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салды.

Іс әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сот алдына Ақтөбе облысы экономикалық тергеу департаментінің 40 жастағы жедел уәкілі келді.

Сотта анықталғандай, 12 маусым таңертең Ақтөбе тұрғыны жергілікті Instagram-пабликтердің бірінде жаңа клиниканың ашылуы туралы жазбаны көрген. Бұл мекемеде әйел пациенттерді Т.есімді акушер-гинеколог қабылдайды.

Осыған жауап ретінде ер адам ашулы пост жазған: "Ақтөбенің қымбатты әйелдері! Бұл зұлым әйелге бармаңыз. Ол өз пациенттерінің күйеуінен бала туып, отбасын ойрандайды. Оған ұлы Әмір дәлел".

Істі қарау барысында ер адам бұл дәрігер бір кездері одан жүкті болып қалғанын, ақыр соңында ол әйелімен ажырасуға мәжбүр болғанын түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Көңілдесінен қызғанған: Ақтау тұрғыны ауыр қылмыс жасады

Ол гинеколог жайлы жазғаны шындық екенін айтып, құқықбұзушылық құрамы жоқ болуына байланысты әкімшілік өндірісті тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші дәрігер әлгі ер адамнан шынымен аяғы ауыр болғанын, қазір оның ұлын тәрбиелеп отырғанын растады. Алайда оның өз клиенттерінің күйеуінен бала табатыны өтірік, бұл оның абыройы мен ар-намысына, беделіне нұқсан келтіреді. Дәрігер татуласудан бас тартып, өзіне жала жапқан адамды жазалауды талап етті, делінген сот қаулысында.

Сот ер адамды 73-3-баптың екінші тармағы "Көпшілік алдында жала жабу" бойынша кінәлі деп тапты. Енді ер адам 520 мың теңге айыппұл төлеуге тиіс. Десе де ол шағым түсіре алады.

0
Кілт сөздер:
жала жабу, сот, күйеу, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Түркістанда үш әйел бүтін бір отбасына коронавирус жұқтырды деп жала жапты
14 еркек зорлағанын айтқан қызды жала жапты деп айыптап жатыр