Оқиға

Алматыда әйелін соққыға жыққан әртіс қамауға алынды

© AP Photo / Michael ProbstНаручники, фото из архива
Наручники, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бауыржан Әшіғалиев әйелін ұрып-соққанын жоққа шығарып отыр

АЛМАТЫ, 31 шілде — Sputnik. Әйелін соққыға жыққан алматылық әртіс Бауыржан Әшіғалиев уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Жуырда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы қолданылады", - деп хабарлады Алматының полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полиция Қылмыстық кодекстің 126-бабы екінші бөлімі (Заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Еске сала кетсек, әнші Ксения Әшіғалиева  күйеуі Бауыржан Әшіғалиевті ұрлап, өлтірмек болды деп айыптаған болатын. Бұл туралы "НеМолчиКZ" қоры әлеуметтік желіде жариялады.

Тағы оқыңыз: Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды

Ксенияның айтуынша, оған бейтаныс әйел хабарласып, баласына вокалдан сабақ беруін өтініпті. Әнші әйел айтқан мекенжайға келсе, подъезде күйеуі мен оның досы Ксенияға тап беріп, басына пакет кигізіп, ұрып-соғып, жертөлеге сүйрей жөнелген.

Бауыржан Әшіғалиев Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескенде әйелін соққыға жықпағанын айтты. Оның айтуынша, Ксения өзін-өзі жарақаттаған. Әртіс әйелінің психикалық ауруға шалдыққанын атап өтті.

Жаңалықтар
0