Оқиға

Жол опырылып түсті: Алматыда жантүршігерлік апат болды

© Sputnik / СтрингерМашина сорвалась с 30-метрового обрыва
Машина сорвалась с 30-метрового обрыва - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға Іле-Алатау ұлттық паркі аумағындағы таулы жолда болған

АЛМАТЫ, 31 тамыз — Sputnik. Ішінде төрт адам бар УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлады. Үш адам жарақат алған, біреуі оқиға орнында қайтыс болды.

Трагедияның қалай болғанын полицейлерге УАЗ көлігінің жүргізушісі айтып берді. Ол дәрігерлер тексерген соң апат болған жерге қайта оралды.

Оның айтуынша, олар көлікпен таудағы сазды жолмен жүріп келе жатқан. Кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлаған.

Тағы оқыңыз: Актриса қаза тапқан жол апаты: полиция мәлімдеме жасады

Жүргізуші мен екі жолаушы көліктен шығып, төртінші адамды алып шыққан. Ол өзгелерге қарағанда ауыр жарақаттанған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда бұл еш нәтиже бермеген. Ер адам жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін көз жұмды. Өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полицейлер қажетті материалдарды жинап, сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Трагедияның нақты себебі анықталатын болады.

Жаңалықтар
0