Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

"Соңынан қуды": Директор елорданы дүрліктірген оқиғаның қалай болғанын айтып берді

2843
5 қыркүйек күні таңертең астанадағы №83 мектептің маңында мас адам студент қызды зорламақ болды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы №83 мектептің шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукаловаға қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстағаны үшін алғыс айтылды, деп хабарлайды elorda.info сайты.

Осыған дейін №83 мектептің маңайында мас ер адам колледж студентіне қол көтеріп, оны зорламақ болғанын хабарлаған едік. Бұл жағдайға куә болған ата-аналар білім ордасының аумағына жүгіріп барып, "көмектесіңдер" деп айғалайған. Дауысты мектептің шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукалова естіпті.

"Аузы қанап кетіпті": елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады

"Ол қорықпастан оның артынан жүгіре жөнеліп, қоршаудан секіріп түсті. Бұл жағдайдың қалай болғанын өзім де түсінбеймін. Ол күдіктіні қуып жетіп, онымен сөйлесті. Ол сабырға келгендей болды. Себебі, ер адам ішіп алған еді. Тіпті оны суретке түсіріп үлгерді. Осыдан соң, ол мектептің аумағына келген. Осы уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті. Біздің қызметкер күдіктіні ұстауға көмектесті. Ол бар-жоғы 200 метрге ұзап үлгерген", - дейді білім ордасының директоры Сәуле Теменова.

Ал қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өкінішке қарай өмірде мұндай жағдайлар болып тұратынын айтып, мектеп қызметкерінің әрекетіне жоғары баға берді.

"Любовь Шаукалованың тәрбие ісіне қатысы болмаса да, оның мектепте жұмыс істейтіні, үнемі балалардың жанында жүруі, оның қырағылығы мен жауапкершілігі болған жағдайға оң әсерін берді.  Білім ордасында жұмыс істейтін адам ретінде өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Біз мұндай адамның мектепте жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Барлық білім ордасына жақсы үлгі болды", - деді ол.

Сондай-ақ Әнуар Жанғозин мектептегі балалардың қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті.

Қыз баланы құтқарған Любовь Шаукалова өзінің ерлік жасамағанын жеткізді. Оның пікірінше, мұндай әрекетке кез келген адам бара алады.

"Бұл оқиғада тиісті жерде уақытында болдым. Артық ештеңе істеген жоқпын. Өзімді батыр санамаймын. Мен тек жақын маңда болдым", - дейді ол.

Оқыс оқиға болған мектептің ата-аналары білім ордасының басшылығына өтініш жазды. Олар білім беру мекемесінен оқушыларды тек бір есіктен кіргізуді, күзетші қоюды талап еткен.

"Біз мұнда күзет қызметін күшейтеміз. Мүмкін, күзетшілердің санын арттыратын шығармыз. Мектеп директорларымен кездесіп, ақылдасамыз", - деді Әнуар Жанғозин.

2843
Тақырып бойынша
Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил ұсталды
Жүкті әйелін зорлай алмағанына ызаланған еркек жантүршігерлік қылмыс жасады
Алматы облысында әйелдерге қырғидай тиетін таксист ұсталды
Алматыда қаршадай қызды әжетханада зорламақ болды: күдікті бұрын педофилия үшін сотталған
Алматыдағы бизнес орталық

Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

48
(Жаңартылды 16:44 19.10.2020)
Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматыда "Қаратал" бизнес орталығында ішінде не бар екені белгісіз сөмкеге байланысты 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Белгісіз сөмкенің кесірінен Алматы орталығындағы ғимараттан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Ғимаратта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды. 
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эвакуацияға бірінші қабатта белгісіз біреу қалдырып кеткен сөмке себеп болғанын айтты.

"Әйел сөмкені бірінші қабатта қалдырып кеткен. Сөмкеде қарапайым заттар болды. Біздің қызметкерлер барлығын тексеріп, сөмкенің иесін тапты. Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция.

Из бизнес-центра в центре Алматы эвакуировали всех из-за подозрительной сумки
© Sputnik / Тимур Ниталиев
Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Айта кетейік, "Қаратал" бизнес орталығы Алмалы ауданында Шевченко көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

 

48
Кілт сөздер:
тұрғындарды эвакуациялау, Алматы
Тақырып бойынша
Көшеде жатқан көк сөмке шымкенттіктердің зәре-құтын қашырды
Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда Esentay Mall орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды
Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды
кісен

Қызының ағасы болып шықты: полиция дизайнердің өліміне қатысты түсініктеме берді

1656
(Жаңартылды 20:12 19.10.2020)
Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Алматы полициясы танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның (Bisen) өліміне қатысты бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, 18 қазанда түнгі сағат 02:00-ге қарай полицияға екі ер адамның арасындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адам даладағы төбелесті өзі тұратын пәтердің терезесінен көрген. Бас кезінде екі ер адам үйдің ауласында ұрсысып тұрған. Одан кейін төбелесе бастады. Сол кезде біреуі жерге сылқ ете түсті. Ал екіншісі қашып кеткен", - дейді қалалық полиция депаратментінің қызметкерлері.

Оқиға орнына барған жедел жәрдемнің мамандары жерде жатқан ер адамға көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ ол қайтыс болды.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған ер адам бірден ұсталды. Ол көз жұмған жігіт кездесіп жүрген қыздың туған ағасы болып шықты. Күдікті адам өлтіргенін мойындады. Оны жақтырмай жүргеннен кейін соққыға жыққанын да айтты", - деп хабарлады құқық қорғаушылар. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 18 қазанда белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Ол жайында оның достары әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

1656
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0