Архивтегі сурет

Қаратауда қызды зорлап, өртеген қаскөйдің тағы бір айуандығы әшкереленді

1225
(Жаңартылды 16:06 25.09.2019)
8 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдіктінің тағы бір іске қатысы бары анықталды, ол алты жыл бұрын 12 жастағы қызға азғындық әрекет жасамақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап өлтіріп, артынан мәйітін өртеп жіберді деген күдікке ілінген ер адам Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылатын болды.  

Таразда атышулы іске қатысты сот алды тыңдалым өтті. Іс жабық жағдайда қаралып жатыр, деп хабарлады КТК.

37 жастағы сотталушыға адам өлтіру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бабы бойынша айыптар тағылды.

Айыпталушының тағы бір іске қатысы бары анықталды. Ол алты жыл бұрын 12 жастағы қызға азғындық әрекет жасамақ болған. Әзірге жәбірленуші жайында мәлімет жоқ. Белгілісі – сол дерекке қатысты "зорлауға оқталу" бабы бойынша іс қаралуда.

Қаратау қаласының тұрғыны Аруай Беріктің баллонға салып өртелген мәйіті жоғалғаннан бір күннен соң қала шетінен табылған болатын. Үш тәуліктен кейін күдікті ретінде 37 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынған. Оның қапқа салынған өлі денені велосипедпен әкетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалып, қылмысы әшкерленген еді. Ал резонанс тудырған істің алғашқы сот отырысы 3 қазанға белгіленді.

Бұған дейін Аруайдың жақындары ауыр болса да жантүршігерлік қылмыстың қалай болғанын баяндап берген еді. Әкесі Мұхит Қаражігітовтың айтуынша, күдікті жеткіншекті өнер мектебінен үйіне алып кеткен. Онда не болғаны әзірге белгісіз. Небәрі 45 минуттан соң өлігі шығып отыр. Қаскөйдің мәйіт арқалаған жүрісі сол маңдағы дүкен камерасына түсіп қалған. 

Толығырақ мына жерде: "Қызымды қалай өртеді, солай өртесін"

Ал анасы Ләззат Семізбаеваның айтуынша, күдікті 8 жасар қыздың киім-кешегін үйінде, мәйітін қаланың шетіне апарып өртеген. Сөйтіп, өзі түк болмағандай жоғалған қызды туыстарымен бірге іздепті.  

"Сотталып түрмеден өмір бақи шықпасын немесе ату жазасын берсін. Болмаса халықтың алдына беріп, қызымды қалай өртеді, солай өртеу керек", -дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

1225
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, зорлау
Тақырып бойынша
Бүтін бір отбасын атып, өртеп жіберді: Алматы облысында болған қылмыстың мән-жайы
Науқастың мекенжайын сұраған емхана дәрігерін кеше кешке зорлап кетті
Сотта жылап жіберді: сүйіктісін досымен жабылып зорлаған жігітке үкім шықты
70 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотталғандар өмірден озғаннан кейін ақталды
Шымкентте он жыл бұрынғы жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды
Жұдырық, төбелес

Атырауда болған қылмыс видеоға түсіп қалды

99
(Жаңартылды 19:15 29.07.2021)
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 28 шілде күні сағат 12:00 шамасында болған. Белгісіз біреу зейнеткерді алдымен тұншықтырған. Одан кейін телефонын алып қойды. Қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Ал тонау сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалды.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

"Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқырған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Айғақ зат тәркіленді. Ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер. 

Айта кетері, осы бап бойынша бірнеше жаза қарастырылған. Соның біреуә қолданылады. Атап айтқанда: 

  • 2 000 АЕК-ке(5 834 000 теңге)дейінгі айыппұл; 
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстары;
    1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
  • 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу;
  • не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру.

Соттың шешімімен кінәлі деп танылған адамның мүлкi де тәркiленуі мүмкін.

 

99
Кілт сөздер:
видео, қылмыс, Атырау
Тақырып бойынша
"Денесін бөлшектеп тастаған": Қарағанды облысындағы сұмдық қылмысқа не себеп болды
Екібастұздағы кісі өлімі: қылмысқа не себеп болғаны хабарланды
"Зорлады деп айыптаймын": Атырауда қыз жігіттен ақша бопсалаған   
Атырауда басшысынан кек алмақ болған ер адам полицияны әбігерге түсірді
Түркістан полицейлері жас жігітке массаж жасаған әйелді қылмыс үстінде ұстады
Архивтегі сурет

Дәмханаға келген ер адам даяшыны бетінен ұрды оқиғаның мән-жайы

568
Даяшыға қол көтерген ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе оған 5,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Алматы полициясы үстіне сусын төгілген ер адамның кәмелетке толмаған даяшыға қол жұмсағаны түсірілген атышулы видеоны тексеріп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде дәмханаға келген клиенттің даяшыны бетінен ұрғаны түсіп қалған видео тарады. Қызметкер ер адамның үстіне байқаусызда кофе төгіп алған. Ролик желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Оқиға 25 шілде таңертең Қабанбай батыр көшесіндегі мекемелердің бірінде болды. Алматы полициясына 17 жастағы даяшының анасы шағымданды.

Полицейлер қол көтерген ер адамды тауып, ұстады. Оның жасы 29-да. Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда ол Медеу ауданы полиция басқармасына тергеу амалдары үшін жеткізілді. Кінәлі адам жауапқа тартылады", - деп сендірді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Кейінірек дәмхана клиентінің жәбірленушіден көпшілік алдында кешірім сұраған видеосы пайда болды.

"Келеңсіз оқиға болды. Даяшы байқаусызда үстіме кофе төгіп алды. Сол үшін мен оған қол көтердім, қатты ұрған жоқпын. Бірақ бәрібір де бұл қылығым дұрыс болмағанын түсінемін. Жұртшылықтан, жәбірленушіден кешірім сұраймын", - деді ер адам.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы бірінші тармағы "Бұзақылық" бойынша 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (5,8 миллион теңгеге жуық) айыппұл, немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

568
Кілт сөздер:
видео, даяшы, дәмхана, Алматы
Тақырып бойынша
Танымал әртіс даяшы қыздарға 20 мың доллар шайпұл қалдырып кетті
Даудың басы даяшы қыз: Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті
Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді
Мейрамханаға келуші даяшыны өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады