НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызын зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаға ұстатарлық оқиға осы жылдың 27 қыркүйегінде түнгі 23.00 шамасында болды.
Полицияның ақпаратынша, Ақсу қаласының 35 жастағы тұрғыны қала шетінде 2004 жылғы қызына қатысты күш қолданып, жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.
Кәмелетке толмаған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жүгінді. Сот-медициналық сараптама белгіленді.
Тағы оқыңыз: "Алла жазасын берсін": Елордалық ана әкесінің айуандық жасағанын айтты
Күдікті ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ер адам 2008 жылы осыған ұқсас қылмысы үшін істі болған. 8 жылдан астам уақыт түрмеде жазасын өтеген.
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматылық полицейлер қаруланған адамдардың ізінен қуып, біреуін ұстады. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.
23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті көлікті көріп қалды. Олар тексеріс жүргізбек болған кезде жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесінде тоқтатылып, ұсталды.
Жүргізуші мен екі жолаушы көлікпен шығып, полицейлерден қашты. Олар жола пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күдіктілердің біреуі қолға түсті. Екеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады полиция.
Олар қару мен өзге заттарды қайдан алғаны анықталып жатыр.
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.
Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.
Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері.
Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті
Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.
Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.
Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.