Оқиға

Алматыда өгей әке ұрып тастаған 2 жасар бала көз жұмды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін таңертең он күн жансақтау бөлімінде жатқан екі жасар бала есін жимастан көз жұмды, деп хабарлады дәрігерлер

АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Өгей әке өлімші етіп соққыға жыққан екі жасар бала бейсенбі таңертең көз жұмды. Полиция күдіктіге қатысты қылмыстық істі "Адам өлтіру" бабына өзгертті.

Баланың өлімін Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Ауруханаға қандай хәлде жеткізілсе, осы күндері сол күйінде болды. Жағдайы жақсарған жоқ. Бүгін таңертең алған жарақаттарынан көз жұмды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне басқармадағылар.

Осы жағдайға байланысты Алматының полиция департаменті баланың өгей әкесіне қатысты қозғалған қылмыстық істің бабын өзгертті.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 99-бабына (Адам өлтіру) өзгертілді және сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін полиция департаментінің тергеу басқармасына жіберілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, қылмыс 23 қыркүйекте болған. Әйелі жұмысқа кеткен уақытта баламен үйде қалған отағасы жылай берген сәбиді өлімші етіп ұрып тастайды. Осыдан кейін ол ес-түссіз жатқан баланы қолына алып, далаға шығады да, жұрттан жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Дәрігерлерге бала құлап қалды деп айтқан.

Тағы оқыңыз: Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды

Бірақ ақ халаттылар сәбиді қарап шыққаннан кейін оның құламағанын біліп, полицияға хабарлайды. Күдікті сол күні ұсталды. Ол бірден кінәсін мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Күдіктінің жазасын тергеу аяқталған соң сот анықтайды. Ол адам өлтіргені үшін 8-ден 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0