Оқиға

Балаларды күтіп тұрған: Елордада аялдамада автобустар соқтығысты

© Sputnik / Владислав ВодневДТП с участием пассажирского автобуса, архивное фото
ДТП с участием пассажирского автобуса, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқыс оқиға бүгін таңертең Мәңгілік ел даңғылында болған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Астанада қоғамдық көлік пен мектеп автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:24-де Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамада №15 бағдардағы автобусы арақашықтықты сақтамай, мектеп автобусымен соқтығысқан.

"Мектеп автобусы аялдамада балаларды күтіп тұрған. Жол апаты кезінде онда жолаушылар болмаған", - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ал бағдардағы автобуста 30-дан астам жолаушы отырған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктегі 2 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Астанада аялдама жанында екі автобус соқтығысты - фото

 

Жаңалықтар
0