Төбелес, архивтегі фото

Алматы облысында қытайлармен төбелеске не себеп болғаны айтылды

1427
Жергілікті тұрғындар жанжалдың байыбына бармай, Қытайдан келген жұмысшылармен төбелесіп кеткен: бес адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Талдықорған маңындағы қазақстандықтар мен қытайлық жұмысшылар арасындағы төбелестің себебін атады.

Ол бұл оқиға "Бұзақылық"бабы бойынша тергеліп жатқанын түсіндірді.

"Жергілікті тұрғындарға қате ақпарат жеткізіліп, ол бұзақылық әрекеттерге себеп болған. Бес адам ұсталды. Іс тергеліп жатыр", - деді сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары.

Шетелдік жұмысшылар мен жергілікті тұрғындардың қақтығысы

Талдықорған маңындағы кәсіпорында шетелдік жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал болды. Citic Construction ЖШС-нің жұмысшылары бұқаралық ақпарат өкілдеріне видео үндеу жариялады.

Кәсіпорын "Алматы - Өскемен" автокөлік жолы учаскесінің құрылысымен айналысады. Жұмысшылар Қытайдың үш азаматы этникалық қазақты соққыға жыққанын айтқан. Видео үндеуде жұмысшылар шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға тең еңбек жағдайы жасалмағанын алға тартқан.

Тағы оқыңыз: Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерді неге соққыға жыққаны анықталды – видео 

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Citic Construction-ның төрт қызметкері (бәрі Қытай азаматы) арасындағы жанжал жұмысқа байланысты туындаған. Олардың бірі – этникалық қазақ жеңіл дене жарақатын алды.

Кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы ("денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомстводағылар жергілікті тұрғындар істің байыбына бармай, келесі күні өндіріс нысанындағы шетелдіктерді соққыға жыққанын айтты. Қытайдың төрт азаматы ауруханаға жеткізілді.

1427
Кілт сөздер:
видео, төбелес, Қытай
Тақырып бойынша
Атырауда Қытай азаматтарымен төбелескен күзетшілер кешірім сұрады
Атырау мұнай зауытында Қытай азаматтары күзетшілермен төбелесіп қалды
Ауыл тұрғындары мен қытай компаниясының жұмысшылары төбелесіп кетті – видео
"Қытайларға азаматтық берілмесін!" Бішкекте қырғыздар митингке шықты
Архивтегі фото

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

617
(Жаңартылды 15:43 27.10.2020)
Үй иесі жарылыс салдарынан күйіп қалды, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.   

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті – оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты.  

617
Кілт сөздер:
Павлодар, жарылыс, газ баллоны
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды
Сәбидің қолы

Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды

337
(Жаңартылды 14:30 27.10.2020)
Баланың қабағы ісіп кеткен соң анасы дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олар бәрі қалыпты жағдайда деп баланы үйіне жіберді, кейін оның жағдайы нашарлап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды. Анасының айтуынша, дәрігерлер баланы үйге жіберген. Кейін үйде жағдайы нашарлап кетті.

Анасы 23 қазанда баласымен ауруханаға барғанын айтты. Өйткені оның қабағы ісіп кеткен.

"Дәрігерлер тексеріп, сынама алды. Бәрі қалыпты жағдайда деп үйге жіберді. Медбике ауруханаға жатудан бас тартқаным туралы қағазға қол қоюымды сұрады", - деді Маргарита Ивлева Liter-ге.

Алайда дәл сол күні бала қатты мазасызданып, жылап, ерні көгеріп кеткен. Жедел жәрдем балалар ауруханасына жеткізді. Анализден соң қалалық аурухананың диагностикалық орталығына апарды.

"Ұлым аяғын ішіне басып қатты жылады. Дәрігерлер ешқандай процедура жасаған жоқ. Мен талап еткен соң ғана жансақтау бөліміне ауыстырды", - дейді анасы.

29 қазан күні таңертең бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұған дейін медицина қызметкерлері баланың жағдайы қалыпты екенін айтқан. Анасы УЗИ жасауды сұрағанда, дүйсенбі жасалатынын жеткізген. 

"Балам дүйсенбіге дейін көз жұмды. Үш дәрігер шығып, баланы құтқара алмағанын айтты. Қант көрсеткішінің күрт өзгеруі салдарынан миы ісініп кеткен", - деді анасы.

Оның айтуынша, баланың созылмалы сырқаттары болмаған.

Балқаш орталық ауруханасында қайғылы оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады.

"Баланың анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы баланың анасына хабарланады. Балаға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер қызметін тиісті дәрежеде атқармағаны анықталса, заңға сәйкес жазаға тартылады", - деді орталық аурухана әкімшілігі.

Тексеріске облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жұмылдырылады.

337
Кілт сөздер:
бала, аурухана, Балқаш
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда 4 бала ауруханада көз жұмды
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды
Алматыда арықтан жаңа туған сәби табылды
Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылады
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігер

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 29 адам қайтыс болды

0
Өткен аптада ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – он сегіз науқас індеттен көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 19-25 қазан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Шығыс Қазақстан облысында – 18;

  • 1926, 1941, 1963, 1954, 1939, 1952, 1953, 1941, 1962 жылғы ер адамдар,
  • 1955, 1935, 1959, 1934, 1962, 1939, 1940, 1936, 1954 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 4;

  • 1940, 1955 жылғы ер адамдар,
  • 1937, 1945 жылғы әйелдер.

Алматы қаласы – 4;

  • 1963 жылғы ер адам,
  • 1962, 1947, 1949 жылғы әйелдер.

Атырау облысында – 2;

  • 1940, 1936 жылғы әйелдер.

Қостанай облысында – 1;

  • 1953 жылғы ер адам.

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 825 науқас қайтыс болды. Індет басталғалы республикада 110 684 адам вирус жұқтырған.

0
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс