Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

© Sputnik / СтрингерBMW спровоцировал массовую аварию
BMW спровоцировал массовую аварию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кескен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды.

© Sputnik / СтрингерBMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар - Sputnik Қазақстан
BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті

Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен жүріп бара жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Audi көлігімен соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық көлік жарнама билборды, жол белгісі мен ағашқа соғылды.

© Sputnik / СтрингерСоққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар - Sputnik Қазақстан
Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты

Ал BMW айналып барып, Subaru Forester мен Toyota Carina-мен соқтығысқан.

Audi көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Тағы жеті адам зардап шекті: Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі.

© Sputnik / СтрингерҚұтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар - Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті

Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатының куәгерлері BMW жүргізушісі мас болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Жаңалықтар
0