Иллюстративті фото

Екібастұзда жасөспірімдер 3-сынып оқушысын соққыға жығып, видеоға түсірген

311
(Жаңартылды 10:36 23.10.2019)
Жүрегі әбден шайлығып қалған бала бір жұмадан бері сабаққа бармай жүр. Ал жергілікті білім басқармасы бұл жағдайды жасырғысы келген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында өз мектебіндегі қыздарды қызғанған жоғарғы сыныптың оқушылары 3-сынып оқушысын ұрып кеткен. Онымен қоймай, әрекеттерін видеоға түсіріп, жеткіншекті әлеуметтік желіге жүктейміз деп қорқытыпты.

Жүрегі әбден шайлығып қалған бала бір жұмадан бері сабаққа бармай жүр. Ал оның ата-анасы жергілікті білім басқармасы бұл жағдайды барынша жасырғысы келгенін айтып отыр, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

6-сынып оқушылары қыздарымызды ренжіттің деген желеумен көрші мектептің 3-сынып оқушысын соққыға жыққан. Жалғыз өзін ұстап алған бұзақылар тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлепті.

Әлімжеттік көрген балақай қатты қорқып қалған. Оқушының анасы болса, білім басқмасындағылар бұл мәселені жылу жауып қойғысы келетінін айтады. Осы уақытқа дейін бұзақылардың ата-аналары кешірім де сұрамағанына қапалы.

"Ең сорақысы қаламызда бізге көмектесетін адам табылмай отыр, балам қатты күйзеліске түсті. Міне, төртінші күн далаға шығуға қорқады. Ұлымды жалғыз өзім тәрбиелеп өсірдім. Бұл жағдайға құзырлы органдардың назар аударғанын қалаймын", - дейді зардап шеккен оқушының анасы Шолпан Әбетова.

Ал мәселемен жақсы таныспыз деген білім басқармасындағылар бұзақылық жасаған балалардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына сөгіс жарияланған. Алдағы уақытта қос тарапты татуластыру жұмыстарын жүргізбекші.

Тағы оқыңыз: Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды 

"Кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссия құрылды. Онда балалардың іс-әрекеті зерделенді. Бүгінгі күні 33-ші мектеп директорына қатысты "тәртіптік" сөгіс жарияланды. Одан бөлек, сынып жетекшісіне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, әлеуметтік қызметкерлерге де сөгіс жарияланды", - дейді Екібастұз қаласы білім басқармасының басшысы Жазира Хамзабаева.

Қалалық ювеналды полиция өкілдері мұндай жағдайды жылы жауып қоюға болмайды деп отыр. Сондықтан бұзақылық жасаған оқушылардың ата-аналарының әрқайсына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын мәлімдеді.    

311
Тақырып бойынша
Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді
Балаларды ұрып-соқты: Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде комиссия отырысын өткізбек
Ақтөбедегі мектептер арасындағы төбелес: оқушылардан пышақ іздеп жатыр
Шымкентте 17 оқушы ұсталып, екеуі қамауға алынды
Мұз айдынындағы төбелес: Ақтөбе облысында мектеп оқушысы көз жұмды
Ашуға булыққан мұғалім баланың арқасына ыстық үтік басып алды
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

188
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

188
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Ер адам, архивтегі сурет

Бурабайда өлі табылған әйелдердің кім екені анықталды

3597
(Жаңартылды 14:13 05.12.2020)
Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды

КӨКШЕТАУ, 5 желтоқсан — Sputnik.  Өткен түнде Ақмола облысы Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды.

Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болған. Оның 20 және 13-тегі екі қызы қалды.

Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген.

Төрт адамды өлтіріп, полицияға хабарласты

5 желтоқсан сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт мәйіт тапты.

28 жастағы тұрғын бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

3597
Кілт сөздер:
мәйіт, әйел, Бурабай
Тақырып бойынша
Бурабайда 4 әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды
Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды