Оқиға

Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті - видео

© Sputnik / СтрингерСгоревший маршрутный автобус на проспекте Аль-Фараби в Алматы
Сгоревший маршрутный автобус на проспекте Аль-Фараби в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай болған жерге өрт сөндірушілер келді. Тілсіз жау ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Алматының Әл-Фараби даңғылында автобус түгі қалмай жанып кетті.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Сағат 6.45-те Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында автобустың өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Кейіннен "Yutong" маркалы №32 жолаушылар автобусының өртке оранғаны анықталды. Көлік жүргізушісі тілсіз жаумен өзі күресуге тырысқан", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сағат 07.04-те сөндірілді. Оның аумағы - 25 шаршы метр.

Оқиға болған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

© Sputnik / СтрингерАлматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті - видео - Sputnik Қазақстан
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Көктемде елордада осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде де №13-ші сәтсіз нөмірлі автобус түгі қалмай жанып кетті. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0